Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қазандағы № 51 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада № 3451 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 150 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 150 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Бюджеттік Кодексінің» 56-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      Халықаралық балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аналарға – 20000 (жиырма мың) теңгеден;
      Дүниежүзілік туберкуллезге қарсы күрес күніне денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұратын және емделіп жүрген туберкуллез ауруымен ауыратын азаматтарға, біржолғы – 10000 (он мың) теңгеден;
      Халықаралық қарттар күніне ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 10000 (он мың) теңгеден.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қазыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                     хатшысы:

          Ж.Б.Қамбаров                       Б.Т.Бисекенов

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2012 года № 51. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 23 ноября 2012 года № 3451. Утратило силу решением маслихата Уилского района Актюбинской области от 18 февраля 2014 года № 150

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Уилского района Актюбинской области от 18.02.2014 № 150.

      В соответствии со статьей 56 «Бюджетного Кодекса» Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95 и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь к праздничным датам отдельным категориям граждан в нижеследующем размере:
      к Международному дню защиты детей матерям, имеющим детей до 18 лет, получаюшим государственную адресную социальную помощь по 20000 (двадцать тысяч) тенге;
      к Всемирному дню борьбы с туберкулезом гражданам, больным туберкулезным заболеванием, состоящим на учете в организациях здравоохранения и проходящих лечение, единовременно в размере 10000 (десять тысяч) тенге.
      к Международному дню пожилых людей, пенсионерам получающим минимальную пенсию и ниже минимальной пенсии по 10000 (десять тысяч) тенге.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района А.К. Казыбаева.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

      Председатель сессии                 Секретарь районного
      районного маслихата:                     маслихата:

         Ж.Б.Камбаров                        Б.Т.Бисекенов