Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 150 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Бюджеттік Кодексінің» 56-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Халықаралық балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аналарға – 20000 (жиырма мың) теңгеден;
Дүниежүзілік туберкуллезге қарсы күрес күніне денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұратын және емделіп жүрген туберкуллез ауруымен ауыратын азаматтарға, біржолғы – 10000 (он мың) теңгеден;
Халықаралық қарттар күніне ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 10000 (он мың) теңгеден.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қазыбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Ж.Б.Қамбаров Б.Т.Бисекенов