Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2012.12.27 № 242 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 « Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы бойынша жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Е.Шотанов) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға жүктелсін
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі: Р. Сыдықов
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
12 маусымдаға № 100 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру
көздері және қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың
тізбелері
№ |
Мекемелер атауы |
Қоғамдық |
1 адамға |
Жоспар бойыншаі |
Қаржылан |
|
жұмыс |
қарасты |
|||||
1. |
Аудан әкімді аппараты |
«Іс-шараларды |
17439 |
4 |
418 |
жергілік |
2. |
Қала әкімі аппараты |
«Эколог» |
17439 |
80 |
4185 |
жергілік |
3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 12. 14. |
Айшуақ селолық округінің әкімі аппараты Ақтоғай селолық округінің әкімі аппараты Біршоғыр селолық округінің әкімі аппараты Бозой селолық округінің әкімі аппараты Е.Көтібарұлы селолық округінің әкімі аппараты Жанақоныс селолық округінің әкімі аппараты Қауылжыр селолық округінің әкімі аппараты Кішіқұм селолық округінің әкімі аппараты Мөнке би селолық округінің әкімі аппараты Тоғыз селолық округінің әкімі аппараты Шалқар селолық округінің әкімі аппараты Шетырғыз селолық округінің әкімі аппараты |
«Абаттандыру» |
17439 |
20 |
2034 |
жергілік |
15. |
«Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
6 |
523 |
жергілік |
16. |
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ |
«Жады» |
17439 |
4 |
418 |
жергілік |
17. |
«Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
3 |
313 |
жергілік |
18. |
«Аудандық білім, дене шынық-тыру және спорт бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
3 |
313 |
жергілік |
19. |
«Аудандық статистика бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
3 |
313 |
жергілік |
20. |
«Аудандық ішкі істер бөлімі » ММ |
«Сарбаз» |
17439 |
15 |
1046 |
жергілік |
21. |
«Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
2 |
209 |
жергілік |
22. |
«Аудандық қорғаныс істер бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
10 |
1046 |
жергілік |
23. |
«Аудандық салық басқармасы» ММ |
«Санақ» |
17439 |
5 |
523 |
жергілік |
24. |
«Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ |
«Санақ» |
17439 |
2 |
209 |
жергілік |
25. |
«Аудандық санитарлық-эпидеми-ологиялық қадағалау басқармасы» ММ |
«Абаттандыру» |
17439 |
10 |
1046 |
жергілік |
26. |
«Шалқар станциясының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі » ММ |
«Абаттандыру» |
17439 |
10 |
1046 |
жергілік |
27. |
Шалқар стансасы желелік ІІБ |
«Сарбаз» |
17439 |
2 |
209 |
жергілік |
28. |
Аудандық ардагерлер кеңесі |
«Санақ» |
17439 |
2 |
209 |
жергілік |
29. |
«Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаменті» ММ-нің Шалқар аумақтық бөлімі |
«Санақ» |
17439 |
3 |
313 |
жергілік |
30. |
«Аудандық зейнетақы орталығы» ММ |
«Санақ» |
17439 |
4 |
418 |
жергілік |
31. |
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Шалқар аудандық филиалы |
«Санақ» |
17439 |
2 |
209 |
жергілік |
Барлығы: |
190 |
15000,0 |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. «Құрылыс бригадасы»
Инженерлік желісін, су мен газ құбырын, канализация өткізу, мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды, құрылыстық өңдеу және басқа да бюджеттік саласындағы объектілерді жөндеу жұмыстарды жүргізу.
Аяқталмаған, жартылай құлап жатқан құрылыстарының мәселелерін шешу.
2. «Абаттандыру»
Аулаларды,саябақтарды, елді мекендерді абаттандыру көгалдандыру екпелерді, гүлзарларды отырғызу және күтім жасау. Спорттық және балдарға ойын үшін арналған алаңдарын ұйымдастыру.
3. « Ауылшаруашылық жұмыстары»
Малдарды бірдейлендіру жұмыстарын өткізуге көмек көрсету
4. «Санақ»
Республикалық, аумақтық науқандарды және салық төлемдерді жинауды (әр-түрлі санақ, әскерге шақырту, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қайта есептеу) ұйымдастыру жұмыстарына көмек көрсету.
5. «Іс-шараларды өткізуге көмектесу»
Мәдениет мақсатындағы іс-шараларды (спорттық жарыстарды, халықтық мейрамдарды) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.
6. «Эколог»
Тұрмыстық қалдықтарды жоюға және жоюын ұйымдастыруға көмек көрсету.
7. «Маусымдық жұмыстар»
Жылыту маусымындағы жұмыстар, қысқы кезінде су құбырларының жұмыс істеуінің қамтамасыз ету.
8. «Сарбаз»
Қоғамдық тәртіпті сақтау. Елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша көмек көрсету.
9. «Жады»
Мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау және күтуін жасау.
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары.
Аптасында - 5 жұмыс күн, күніне – 8 сағат, түскі ас - 1 сағат жұмыс уақытын құрайды. Жалақы жұмыссыздың жеке шотына аудару арқылы, жұмыс істеу уақыты табелінде көрсетілген жұмыс істеу уақытына ғана төленеді.
Еңбек сақтау және техникалық қауіпсіздігі нұсқамалық, арнаулы киіммен, құралымен және құрал жабдығымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.