Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 30.07.2014 № 277 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27, 28, 29, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында он сегіз және жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметін белгіленген мерзімінде өткермеген азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау үшін Алматы облысында шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Талдықорған қаласының әкімі (Е.Алпысов) облыстық жинау пунктіне мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде 5 (бес) техникалық қызметкерді бөлсін.
4. "Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі (М.Дарманқұлов келісім бойынша) "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы" осы қаулының орындалу барысы туралы көктемгі шақыру бойынша 2012 жылдың 20 шілдесіне дейін және күзгі шақыру бойынша 2013 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.
5. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы "1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 51 қаулысының (2011 жылғы 08 сәуірдегі Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2069 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі N 48 "Жетісу" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Ғаббасұлы Баталовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының
әкімі А. Мұсаханов
КЕЛІСІЛДІ:
Облыс әкімінің
бірінші орынбасары Амандық Ғаббасұлы Баталов
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбеков
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары Серік Мейірханұлы Мұқанов
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары Серік Мелісұлы Тұрдалиев
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімі
аппаратының басшысы Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев
28 наурыз 2012 жыл
Облыстың қаржы
басқармасының бастығы Сырым Қасымұлы Қасымов
28 наурыз 2012 жыл
Облыстың экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы Нәфиса Төлекқызы Сатыбалдина
28 наурыз 2012 жыл
Облыстың ішкі істер
департаментінің бастығы Жайлаубек Халықұлы
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімі аппаратының
заң, мемлекеттік құқық
бөлімінің меңгерушісі Рустам Төлендіұлы Қалиев
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімі аппаратының
жалпы бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Әсемғалиқызы Әукенова
28 наурыз 2012 жыл
Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
"1985-1994 жылдары туылған
Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 71 қаулысына
қосымша
Алматы облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы әкімдігінің 2012.09.24 N 293 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Комиссия төрағасы: |
Облыс әкімінің бірінші |
Комиссия төрағасының орынбасары: |
Облыстың қорғаныс істері |
Комиссия мүшелері: |
|
Асқар Шахатұлы Шайхин |
Облыстың ішкі істер |
Майра Әбдіхалыққызы Егембердиева |
Облыстың денсаулық сақтау |
Гүлшат Жақанқызы Жетімова |
"Облыстық аурухана" шаруашылық |