1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 51 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 08 сәуірде 2069 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы N 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2012.03.28 N 71 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 192023-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 1163 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы N 250 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында он сегіз және жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтік белгiленген мерзімін өткермеген азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау үшін Алматы облысында шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Талдықорған қаласының әкімі (С.Е. Жылқайдаров) облыстық жинау пунктіне мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде 5 (бес) техникалық қызметкерді бөлсін.
      4. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент (М.Дарманқұлов келісім бойынша) көктемгі шақыру бойынша осы қаулының орындалу барысы туралы Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасын 2011 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2012 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі                     С. Yмбетов

1984-1993 жылдары туылған
Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында әскери қызметке
кезекті шақыру туралы
Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
N 51 қаулысына
қосымша

Алматы облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Комиссия төрағасы:
Дарманқұлов М.И.

- Алматы облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің
бастығы

Комиссия төрағасының
орынбасары:
Салагаев С. Ю.

- Алматы облысы жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс
және авариялар мен табиғи
апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру басқармасының
бастығы

Комиссия мүшелері:

Нүгербеков Қ.Б.

- Алматы облысы ішкі істер
департаменті бастығының
орынбасары

Перкин С.И.

- Алматы облысы қорғаныс
істері жөніндегі
департаментінің
облыстық бақылау дәрігерлік
комиссиясының төрағасы

Феттер Н.Н.

- облыстық шақыру
комиссиясының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады