Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 31.07.2019 № 51-259 шешімімен және Алматы облысы әкімдігінің 06.08.2019 № 333 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысында жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскесін жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы шешімнің және қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмiнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмi алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | А. Мұсаханов |
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Мәмбеталиев |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | С. Бескемпіров |
Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар
қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық
ставкалары
Елдi мекендер | 1 шаршы метр үшiн теңгемен төлемақының базалық ставкасы | |
Талдықорған қаласы (облыс орталығы) | 1150 | |
Облыс орталығы ставкаларының пайызы | ||
Облыстық маңызы бар қалалар | 85 | |
Аудандық маңызы бар қалалар | 75 | |
Субтропикалық шөлейт және тау бөктерiндегi – шөлейт аймақтарда орналасқан кенттер және ауылдық елдi мекендер | Кенттер | Ауылдық елдi мекендер |
30 | 18 |
Ескертпе: қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.
_________________________________