Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы мәслихатының 2012 жылғы 03 мамырдағы N 4-23 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 03 мамырдағы N 114 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 21 мамырда N 2092 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-259 шешімімен және Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 333 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 31.07.2019 № 51-259 шешімімен және Алматы облысы әкімдігінің 06.08.2019 № 333 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысында жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскесін жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы шешімнің және қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмiнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмi алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі

А. Мұсаханов

Облыстық мәслихат


сессиясының төрағасы

А. Мәмбеталиев

Облыстық мәслихаттың


хатшысы

С. Бескемпіров


  Алматы облыстық мәслихатының
2012 жылғы 03 мамырдағы
N 4-23 бірлескен шешіміне
және Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 03 мамырдағы
N 114 қаулысына "Алматы
облысының орталығында,
облыстық және аудандық маңызы бар
қалаларда, кенттер мен ауылдық
елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде
олар үшiн төлемақының базалық
ставкаларын бекiту туралы"
қосымша

Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар
қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық
ставкалары

Елдi мекендер

1 шаршы метр үшiн теңгемен төлемақының

базалық ставкасы

Талдықорған қаласы

(облыс орталығы)

1150


Облыс орталығы ставкаларының пайызы

Облыстық маңызы бар қалалар

85

Аудандық маңызы бар қалалар

75

Субтропикалық шөлейт және

тау бөктерiндегi – шөлейт

аймақтарда орналасқан

кенттер және ауылдық

елдi мекендер

Кенттер

Ауылдық елдi

мекендер

30

18


      Ескертпе: қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.

      _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады