Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 02.06.2014 № 196 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 51 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қосымшаға сәйкес" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 11 қазандағы
N 308 қаулысымен бекітілген
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Негізгі ұғым
1. Регламентте пайдаланылатын терминдермен аббревиатуралар анықтамасы:
1) уәкілетті орган – ауылдық аумақтарды дамыту бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік органы;
2) мемлекеттік қызмет - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну (бұдан әрі - тұтынушылар);
3) көтерме жәрдемақысы – Қаулыда белгілеген мөлшерде бір жолғы ақшалай төлем түріндегі тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;
4) бюджеттік кредит - Қаулыда белгілеген мөлшерде тұрғын үй алуға бюджеттік кредит түріндегі тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;
5) жұмыс істейтін комиссия - тұтынушыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қала) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құратын алқалы орган;
6) сенім білдірілген өкіл (агент) - аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің атынан және тапсырысы бойынша тұтынушыларға берілетін бюджеттік қызметтерге қызмет көрсету бойынша міндеттерді атқаратын қаржылық агенттік.
7. Құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйесі немесе оның қосалқы жүйелері.
2. Негізгі ережелер
2. Осы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызметті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) "Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі – Қаулы);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 51 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көтерме жәрдемақысы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап беру болып табылады.
7. Көтерме жәрдемақысын ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа органдардың қатысуы қарастырылмаған. Бюджеттік кредитті ұсыну барысында тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүзеге асыратын сенім білдірілген өкіл (агент) қатысады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары
8. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан жерін, көрсету тәртібін және барысын регламенттің N 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлардан алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, мерзімі туралы толық ақпаратты тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz. веб-сайтының "Дипломмен ауылға" бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органдарының стенділерінен ала алады.
10. Үстелдер, орындықтар, информациялық стендттер қажетті құжаттар және жұмыс регламенті бар аудандық маңызы бар қалалар, ауылда мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органның ғимаратында көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды уәкілетті органның бір маманы және сенім білдірілген өкілдің (агент) бір маманы жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде іс-әрекеттердің
(өзара іс-әрекеттердің) сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызмет тұтынушының ауданның уәкілетті органына Регламенттің N 5 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтінішті ұсынумен жеке хабарласқан кезінде ұсынылады.
Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11 тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
15. Ақпараттық қауіпсіздігіне талаптар қарастырылмаған.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатыстырылған:
1) уәкілетті органның маманы (ҚФБ-1)
2) жұмыс комиссиясы (ҚФБ-2)
3) уәкілетті органның бастығы (ҚФБ-3)
4) аудан әкімі (ҚФБ-4)
5) аудан әкімі аппаратының басшысы (ҚФБ-5)
6) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі (ҚФБ-6)
7) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бастығы (ҚФБ-7).
17. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасының N 1, N 2, N 3 кестесінде көрсетілген.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің жауапкершілігі
19. Мемлекеттік орган лауазымды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұлғалары мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдайтын шешімдер және іс-әрекеттері (іс-әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапты.
____________________________________________________________________
Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органдардың тізімі
N |
Уәкілетті органның |
Орналасқан |
Телефон |
Жұмыс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
"Алматы облысының |
Талдықорған қаласы, |
8-7282- |
Аптасына Аптасына Аптасына |
2 |
"Ақсу ауданының |
Ақсу ауданы, |
8-72832- |
|
3 |
"Алакөл ауданының |
Алакөл ауданы, |
8-72833- |
|
4 |
"Балқаш ауданының |
Балқаш ауданы, |
8-72773- |
|
5 |
"Еңбекшіқазақ |
Еңбекшіқазақ ауданы, |
8-72775- |
|
6 |
"Ескелді ауданының |
Ескелді ауданы, |
8-72838- |
|
7 |
"Жамбыл ауданының |
Жамбыл ауданы, |
8-72770- |
|
8 |
"Іле ауданының |
Іле ауданы, Өтеген |
8-72752- |
|
9 |
"Қарасай ауданының |
Қарасай ауданы, |
8-72771- |
|
10 |
"Қаратал ауданының |
Қаратал ауданы, |
8-72834- |
|
11 |
"Кербұлақ ауданының |
Кербұлақ ауданы, |
8-72840- |
|
12 |
"Көксу ауданының |
Көксу ауданы, Балпық |
8-72838- |
|
13 |
"Панфилов ауданының |
Панфилов ауданы, |
8-72831- |
|
14 |
"Райымбек ауданының |
Райымбек ауданы, |
8-72777- |
|
15 |
"Сарқан ауданының |
Сарқан ауданы, |
8-72839- |
|
16 |
"Талғар ауданының |
Талғар ауданы, |
8-72774- |
|
17 |
"Ұйғыр ауданының |
Ұйғыр ауданы, |
8-72778- |
|
18 |
"Қапшағай қаласының |
Қапшағай қаласы, |
8-72772- |
|
19 |
"Талдықорған қаласының |
Талдықорған қаласы, |
8-7282- |
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара
іс-әрекеттерінің
Сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалды бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ)
іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
||||||
Іс- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
ҚФБ |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Әкім |
Әкім |
Уәкілетті |
Сенім |
Іс- |
Өтініш- |
Қаражат- |
Әкімдік |
Қаулының |
Келісімнің |
Келісімнің |
Аяқтау |
Құжаттар |
Әлеумет- |
Әкімдік |
Әкімдік- |
Келісім |
Келісім |
Орындау |
30 минут |
5 күн |
7 күн |
3 күн |
4 күн |
1 күн |
Келесі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы) |
||||||
Іс- |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
ҚФБ |
Уәкілет- |
Сенім |
Уәкілет- |
Сенім |
Сенім |
|
Іс- |
Келісімге |
Келісім- |
Көтерме |
Тұрғын |
Сатып |
|
Аяқтау |
Келісім |
Келісім |
Төлем |
Қарыз |
Төлем |
|
Орындау/ |
1 күн |
1 күн |
7 күн |
28 күн |
2 күн |
|
Келесі |
8 |
9 |
10 |
11 |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Негізгі үдеріс – әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім
бекітілген жағайда
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағымы) |
|||||
Уәкілет- |
Уәкілет- |
Әкім |
Әкім |
Сенім |
Сенім |
N 1 |
N 2 |
N 3 |
N 4 |
||
N 5 |
N 6 іс-әрекет |
||||
N 7 |
N 8 |
||||
N 9 |
N 10 іс-әрекет |
N 11 |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Баламалы үдеріс - әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас
тарту туралы шешім бекітілген жағдайда
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағымы) |
||
Уәкілетті органның |
Уәкілетті органның бастығы |
|
N 1 іс-әрекет |
N 2 іс-әрекет |
|
N 3 іс-әрекет дәйектемесіз |
"Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша