Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 4-28 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылдың 12 шілдеде N 2-2-140 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 43-184 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 29.12.2014 № 43-184 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қапшағай қаласы әкімінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі N 167/8-16 ұсынысына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        Қ. Ахметтаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қапшағай қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекеменің бастығы              Айгүл Төлекқызы Сатыбалдиева
      08 маусым 2012 жыл

Об установлении специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельских населенных пунктах города Капшагая повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки

Решение маслихата города Капшагай Алматинской области от 08 июня 2012 года N 4-28. Зарегистрировано Управлением юстиции города Капшагай Департамента юстиции Алматинской области 12 июля 2012 года N 2-2-140. Утратило силу решением Капшагайского городского маслихата Алматинской области от 29 декабря 2014 года № 43-184

      Сноска. Утратило силу решением Капшагайского городского маслихата Алматинской области от 29.12.2014 № 43-184.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 08 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и предложения акима города Капшагай N 167/8-16 от 23 апреля 2012 года Капшагайский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельских населенных пунктах города Капшагая повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию Капшагайского городского маслихата по социальной защите населения, труду, образованию, здравоохранению, культуре, языку, спорту и межнациональным отношениям.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата,
      секретарь городского
      маслихата                                  К. Ахметтаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел экономики
      и бюджетного планирования
      города Капшагай"                           Айгуль Толековна Сатыбалдиева
      08 июня 2012 года