Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 29.12.2014 № 43-184 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қапшағай қаласы әкімінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі N 167/8-16 ұсынысына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы, қалалық
мәслихаттың хатшысы Қ. Ахметтаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қапшағай қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекеменің бастығы Айгүл Төлекқызы Сатыбалдиева
08 маусым 2012 жыл