Ақсу ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Ақсу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 7-62 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 01 қазанда N 2135 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазандағы N 22-147 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 16.10.2013 N 22-147 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Ақсу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінің қағидасы туралы" N 31-189 (Алматы облыстық Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 6 сәуірдегі 2-4-108 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 17 сәуірдегі  Ақсу аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 16(9503) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының "Бюджет, әлеуметтік-мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          Болатхан Боранбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақсу аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
      06 қыркүйек 2012 жыл

Ақсу аудандық мәслихатының
2012 жылғы 06 қыркүйектегі
"Ақсу ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы" N 7-62 шешіміне
қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      өтініш беруші – тұрғындық көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы;
      учаскелік комиссия – әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасаған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндеті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу шығындары жиынтық табысының он пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушіні қоспағанда, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Егер өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтерін берген жағдайда тұрғын үй көмегіне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау

      4. Тұрғын үй көмегі тағайындалады - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтініші мен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім шарты).
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы).
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
      7) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоты.
      8) жекеменшігінде бір үйден басқа үйі жоқ екендігі туралы анықтама жылына бір рет ұсынылады.
      Өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырғанда өткен тоқсанның соңғы айының төлем түбіртектерін ұсыну қажет.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегін төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті органы жоқ болған жағдайда өтініш беруші тұрғылықты мекен-жайы бойынша құжаттарды ауылдық округтердің әкіміне өткізеді.
      8.Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкімінің атынан өтінішімен оған қоса құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы есеп жүргізеді.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі. (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi құжаттардың көшiрмелерiн тексерiп, оларды тiркеуден өткiзедi және өтiнiш берушiге құжаттарын қабылдағаны жөнiндегi растайтын құжат берiледi.
      11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.
      12. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      14. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар ескеріледі:
      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене газ баллон).
      2) электр энергиясын қолдану:
      1 адамға – бір айға 45 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – бір айға 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) пеш жағатын тұрғын үйлерге жыл бойына 4 тонна көмірді 2 тоннадан екі бөліп беру.
      15. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Ақсу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.

Қаржыландыру және төлеу

      16. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      17. Тұрғын үй көмегiн төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екiншi деңгейлi банктердiң бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.

Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Аксуского района

Решение маслихата Аксуского района Алматинской области от 06 сентября 2012 года N 7-62. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 01 октября 2012 года N 2135. Утратило силу решением маслихата Аксуского района Алматинской области от 16 октября 2013 года № 22-147

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Аксуского района Алматинской области от 16.10.2013 № 27-147.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно - коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" районный маслихат РЕШИЛ:
      1.Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Аксуского района согласно приложения.
      2. Признать утратившим силу решение Аксуского районного маслихата от 26 февраля 2010 года N 31-189 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малоимущим семьям (гражданам)" (зарегистрировано в департаменте Юстиции Алматинской области в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 6 апреля 2010 года за номером 2-4-108, опубликовано в номере 16(503) районной газеты "Ақсу өңірі" от 17 апреля 2010 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Аксуского районного маслихата "По вопросам бюджета и развития социально-культурной отрасли, молодежной политики, защиты прав и законности".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      исполняющий обязанности
      секретаря маслихата                        Болатхан Боранбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости и
      социальных программ
      Аксуского района"                          Бекбаланов Кайрат Тынбаевич
      06 сентября 2012 года

Приложение
к решению Аксуского районного
маслихата от 06 сентября 2012 года
N 7-62 "Об определении размера и
порядка оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям
(гражданам) Аксуского района"

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам)

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно - коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

Общие положения

      1. В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно - допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      заявитель – лицо, обращающееся от имени семьи за назначением жилищной помощи;
      орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      уполномоченный орган – исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение и выплату жилищной помощи;
      участковая комиссия – специальная комиссия, созданная решением акима города для проведения обследования материального положения семей (граждан), обратившихся за получением социальной помощи и подготовки заключений;
      расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности и являющимся собственниками или нанимателями (арендаторами) жилища на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам) проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг;
      услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке установленном законодательством в области связи;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится гражданами на общих основаниях.
      Доля предельно – допустимого уровня расходов семьи в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем назначается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющих трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных, за исключением лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы и лицам старше восьмидесяти лет, или занятых воспитанием детей в возрасте до трех лет, воспитывающему ребенка-инвалида до 18 лет.
      В случае предоставления заявителем не полных или не достоверных сведений документы на жилищную помощь не принимаются.

Размер и порядок оказания жилищной помощи

      4. Жилищная помощь назначается - гражданам Республики Казахстан, оралманам, лицам без гражданства, имеющим вид на жительство и постоянно проживающим в Республике Казахстан.
      5. Расчетным периодом для начисления жилищной помощи считается квартал года, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами. При повторном обращении жилищная помощь назначается за квартал независимо от времени представления документов в текущем квартале.
      Малообеспеченные семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду, жилищная помощь не предоставляется.
      6. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) обращается в уполномоченный орган либо акиму сельского округа с заявлением и предоставляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя.
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище (договора приватизации, дарения, купли - продажи, аренды с данными размера занимаемой площади, количества комнат).
      3) копию документа, подтверждающего место жительства семьи (копию книги регистрации граждан или справка адресного бюро).
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующий на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений.
      5) счет о размере ежемесячного взноса на содержание жилого дома (жилого здания).
      6) счета на потребление коммунальных услуг, квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи.
      7) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленным местным исполнительным органом.
      8) справка об отсутствии в частной собственности более одной единицы жилья предоставляется один раз в год.
      Заявителю для назначения жилищной помощи необходимо предоставить копии оплаченных квитанций за последний месяц предыдущего квартала.
      Документы предоставляются в подлинниках и в копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      7. При отсутствии уполномоченного органа по назначению и выплате жилищной помощи по месту жительства заявитель сдает документы акиму сельского округа.
      8. Уполномоченный орган принимает от заявителя или акима сельского округа заявление с прилагаемыми документами и заключениями участковых комиссий, рассматривает их в течение тридцати дней со дня получения и производит расчет назначения жилищной помощи или отказе в ней.
      9. Получатели жилищной помощи в пятнадцатидневный срок извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера помощи, или влияющих на его получение.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на размер жилищной помощи, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      10. Уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи или аким поселка, аула (села), аульного (сельского) округа заверяют копии документов, регистрируют их и выдают заявителю подтверждение о принятии документов.
      11. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно – коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      12. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      13. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      14. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа – 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на одну семью.
      2) потребление электроэнергии:
      на 1-го человека – 45 киловатт в месяц;
      на семью из 4-х и более человек – 150 киловатт в месяц.
      3) нормы на водоснабжение предоставляются поставщиками услуг.
      4) жилые дома с печным отоплением 4 тонны угля по 2 тонны два раза в год.
      15. Для расчета стоимости угля используются среднее цены по району, предоставляемые государственным учреждением "Отделом жилищно - коммунального хозяйства, пассажирного транспорта и автомобильных дорог Аксуского района" по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.

Финансирование и выплата

      16. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      17. Выплата жилищной помощи осуществляется через отделения банков второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета пользователей.

Заключение

      18. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.