Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінің қағидасы туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 ақпандағы N 31-189 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 06 сәуірде N 2-4-108 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 7-62 шешімімен

      Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы мәслихатының 2012.09.06 N 7-62 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінің қағидасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           Серпербаев Серікбек

Ақсу аудандық мәслихатының
2010 жылғы 26 ақпандағы
"Тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің тәртібі
мен мөлшерінің қағидасы"
туралы N 31-189 шешіміне
қосымша

Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібі мен мөлшерінің қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары (газ, электр жүйесі, су, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы, көмір) белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің (газ тұтыну – 1 айға 10 килограмм, электр жүйесін қолдану 1 адамға - 45 киловатт; 2 адамға – 90 киловатт; 3 адамға -135 киловатт; 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт, сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады, аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтамақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) – коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай төлемақы "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысы негізінде жүзеге асырылады, 4 тонна көмірді жыл бойында 2 тоннадан екі бөліп беру) шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      5. Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш иесі өтінішпен қоса қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      6. Жиынтық табыс – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
      7. Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      8. Учаскелік комиссия- тұрғын үй көмегін сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия, учаскелік комиссиялар тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытындылар әзірлейді. Учаскелік коммиссиялар өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 25 мамыр 2009 жылғы N 99 "Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы негізінде жүзеге асырады;
      9. Табысы аздар- тұрғын үй көмегіне өтініш берген уақытындағы алдыңғы тоқсанының жиынтық кірісі отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдар;

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      10. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, осының ішіне 55 жасқа толған ерлер мен 50 жасқа толған әйелдер, күтімге мұқтаж деп танылған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін деп танылған 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып- күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      11. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан осы тоқсанға айырылады.
      12. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      13. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса тұрғылықты жеріндегі поселкелік, ауылдық учаскелік комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) азаматтарды тіркеу кітәбінің көшірмесі және отбасы құрамын растайтын анықтама (тоқсан сайын);
      3) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табыс);
      4) коммуналдық қызметте ақы төлеу туралы, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртектер көшірмесі және жүгіртпе қағаз (өткен тоқсанның соңғы айы);
      5) аудандық салық басқармасынан жеке меншік шаруашылықтары бар немесе жоқ екендігі жайлы анықтама (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      6) салық төлеушінің нөмірі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      7) жеке меншігінде бір үйден басқа үйлері жоқ екені туралы Әділет басқармасынан халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілетін анықтама (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      8) Тұрғын үй иесі және тұрғын үйді жалдаушы (жалға алушы) болып табылмайтын тұлғалар тұрғын үй иесі мүдделерін білдіруге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге қатысты нотариалды расталған сенім хат;
      9) Тұрғын үйді жалдаушы (жалға алушы) болып табылатын тұлғалар жал шарты нотариалды расталған.
      Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек беріледі, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген хабарлама беріледі.
      14. Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлер үшін берілетін көмек белгілі санаттағы тұлғаларға: жұмыссыз –жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, жалғыз басты ана – азаматтық хал актілерін жазатын бөлімнен берілетін N 4 үлгідегі анықтама (тоқсан сайын), мүгедек-мүгедектігі туралы анықтама негізінде тағайындалады.
      15. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы қорытындысын 5 күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынады.
      Поселкелік, ауылдық округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса он күннен кешіктірмей жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен қоса тіркелген құжаттарымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне отбасы құрамының және жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      17. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган немесе учаскелік комиссия отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығына, ал өтініш беруші жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жауапты.
      18. Тұрғын үй көмегін мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.

3. Отбасының жиынтық табысын анықтау тәртібі

      19. Тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалдаушысы (қосалқы жалдаушысы) болып табылатын отбасының (азаматтың) жиынтық табысын анықтаған кезде оның құрамында бір тұрғылықты жерде тіркелген барлық адамдар ескеріледі.
      Отбасының жиынтық табысы отбасының құрамында ескерілген барлық адамдардың табыстарын қосу арқылы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған жалпы табыс бойынша есепке алынады.
      20. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға қолданылып жүрген нормативтік карточкалар негізінде есептелінеді.
      21. Отбасының жиынтық кірісінде мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) есептi кезеңде белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен жалпы сомада көрсетiлген, ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, осы фактi анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      7) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      8) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      9) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
      10) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      11) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      12) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      тегiн тамақтандыру мен бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн көмек;
      14) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi заңнамалық кесiмдермен оралмандарға:
      тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн жеткiзу (оның iшiнде малын) жөнiндегi шығыстарды өтеуге;
      келген жерiнде тұрғын үй сатып алуға және бiржолғы жәрдемақы төлеуге көзделген қаражат.
      22. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі.Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      23. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.

4. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормативтер

      24. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормативтер қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 10 килограмм;
      2) электр жүйесін қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      3 адамға-135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету тарифын қызмет берушілер ұсынады;
      4) аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтамақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) – коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай төлемақы "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысы негізінде жүзеге асырылады;
      5) 4 тонна көмірді жыл бойында 2 тоннадан екі бөліп беру.
      25. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін (газ, көмір, су, электр жүйесін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы) аудан әкімі және өзгешеліктер кездескен жағдайда ауылдық, поселкелік округ әкімдері тоқсан сайын белгілейді.

5.Тұрғын үй көмегін төлеу

      26. Тұрғын үй көмегін төлеу алушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым арқылы, өзі таңдаған ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      27. Тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

6. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік

      28. Уәкілетті органдар тұрғын үй көмегін тағайындаудың, төлеудің және берудің уақтылығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады