РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссия келісімі және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШЕМ ЕТЕДІ:
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты 5 разъездегі атаусыз көшеге Орталық, 13 разъездегі атаусыз көшеге Алакөл, 100-ші разъездегі атаусыз көшеге Сарықұм аттары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Бескөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Оңғарбаева Қарлығаш Жоламанқызына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бескөл ауылдық
округінің әкімі С.А. Сасанов