Бескөл ауылдық округіне қарасты 5-разъезд, 13-разъезд, 100-ші разъездегі атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 тамыздағы N 48 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қыркүйекте N 2125 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссия келісімі және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШЕМ ЕТЕДІ:
      1. Бескөл ауылдық округіне қарасты 5 разъездегі атаусыз көшеге Орталық, 13 разъездегі атаусыз көшеге Алакөл, 100-ші разъездегі атаусыз көшеге Сарықұм аттары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Бескөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Оңғарбаева Қарлығаш Жоламанқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бескөл ауылдық
      округінің әкімі                            С.А. Сасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады