Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жағатал ауылдық округі әкімінің 2012.10.07 N 11 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық инспекторының 2012 жылғы 25 сәуірдегі N 06 ұсынысы негізінде, Жағатал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жағатал ауылдық округінің Қазақстан елді мекенінде ірі қара малдары арасынан құтыру ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жағатал ауылдық округінің бас маман, мал дәрігері Калиякбер Айдын Сапышұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Б. Бейсенбаев