Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Жағатал ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 06 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 11 маусымда N 2-5-176 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жағатал ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 07 қазандағы N 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жағатал ауылдық округі әкімінің 2012.10.07 N 11 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық инспекторының 2012 жылғы 25 сәуірдегі N 06 ұсынысы негізінде, Жағатал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жағатал ауылдық округінің Қазақстан елді мекенінде ірі қара малдары арасынан құтыру ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жағатал ауылдық округінің бас маман, мал дәрігері Калиякбер Айдын Сапышұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Б. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады