Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің 06.11.2012 № 6 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 07 мамырдағы N 9 ұсынысының негізінде, Қайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қайнар ауылдық округінде ұсақ малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайнар ауылдық округінің мал дәрігері бас маманы Бижарасов Кулжабай Бижарасұлына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайнар ауылдық | |
округінің әкімі | С.Қ. Нусипов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылығы Министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің | |
Алакөл аудандық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Кабаев Арман Маратұлы |
10 қыркүйек 2012 жыл | |
Алакөл ауданы бойынша | |
"Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау | |
басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Шағайбаев Фурман Скендірұлы |
10 қыркүйек 2012 жыл