Шектеу іс-шараларының немесе карантин аймағының ветеринариялық режимін тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10-шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық –санитарлық инспекторының 2012 жылғы 19 қазандағы №29 ұсынысының негізінде, Қайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қайнар ауылдық округінде ұсақ малдар арасынан шыққан бруцеллез ауыруы ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.

      2. Қайнар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі №4 "Қайнар ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Алакөл аудандық Әділет басқармасына тіркеу тізіміне 2012 жылдың 4 қазанында № 1240 нөмірімен енгізілген, Алакөл аудандық "Алакөл" газетінің 2012 жылғы 03 қарашадағы 42 нөмірінде жарияланған шешімнің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын .

      Қайнар ауылдық округінің әкімі С.Қ. Нусипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады