Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 11.10.2011 № 12 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 45 ұсынысы негізінде, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылына ұсақ малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.
3. Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ынталы ауылдық | |
округінің әкімі | Р. Мамырбеков |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы ауыл | |
шаруашылығы министрлігінің | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитеті | |
Алакөл аудандық аумақтық | |
инспекциясының бастығы | Қабаев Арман Маратұлы |
13 шілде 2012 жыл | |
Алакөл ауданы бойынша | |
Мемлекеттік санитариялық- | |
эпидемиологиялық қадағалау | |
басқармасының бастығы | Шағайбаев Фурман Скендірұлы |
13 шілде 2012 жыл