Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8- тармақшасы және Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10-шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 5-қазандағы Ынталы ауылдық округіне қарасты Ынталы ауылына бруцеллез ауруына қойылған шектеуді тоқтату туралы №27 ұсынысы негізінде, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан шыққан бруцеллез аурулары ошақтарының жойылумен байланысты шектеу іс-шаралары немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.

      2. Ынталы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 13-ші шілдедегі № 5 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      Ынталы ауылдық округінің әкімі Р. Мамырбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады