Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 14.03.2013 № 22 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Селолық округ әкімдеріне Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас селосы, Қонаев көшесі, N 35 үй мекен-жайында орналасқан "Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Селолық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5. "Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Күштібаев Марат Алимқұлұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
6. Балқаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 31 (Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2011 жылдың 19 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-6-84 нөмірімен енгізілген, аудандық "Балқаш өңірі" газетінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 7(7331) нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлына жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Көшкімбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Балқаш аудандық қорғаныс | |
істері жөніндегі бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Кушербаев Марат Жеңісұлы |
13 наурыз 2012 жыл | |
"Балқаш аудандық орталық | |
ауруханасы" мемлекеттік | |
коммуналдық қазыналық | |
кәсіпорнының директоры | Мұратбаев Ринат Алмасұлы |
13 наурыз 2012 жыл | |
"Балқаш аудандық ішкі | |
істер бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Күштібаев Марат Алимқұлович |
13 наурыз 2012 жыл
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлы | Комиссия төрағасы, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары |
Көшербаев Марат Жеңісұлы | Комиссия төрағасының орынбасары, "Алматы облысы Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Комиссия мүшелері | |
Тұрсынбек Болат | "Алматы облысы Балқаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |
Көжекбаев Ілімбай Көжекбайұлы | "Балқаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы |
Қабельдинова Рабиға | Хатшы, "Балқаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны медбикесі |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
N р/с | Селолық округ- тердің аталуы | Сәуір | Маусым | Қараша | Желтоқсан | ||||||||||||||||||||
1 | 2 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 12 | 13 | 14 | 14 | 16 | 1 | 2 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 12 | 13 | 14 | 14 | 16 | ||
1 | Ақдала селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
2 | Аққөл селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
3 | Ақжар селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
4 | Бақанас селолық округі | + | + | + | + | ||||||||||||||||||||
5 | Бақбақ- ты селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
6 | Береке селолық округі | ||||||||||||||||||||||||
7 | Бірлік селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
8 | Балато- пар селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
9 | Жиделі селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
10 | Желто- ранғыл селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
11 | Қарой селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
12 | Көктал селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
13 | К-Топар селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
14 | Құйған селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
15 | Миялы селолық округі | + | + | ||||||||||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 |