Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 104 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 11 наурызда N 2-7-133 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі № 267 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 02.04.2012 № 267 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 1-17-25 ұсынысы негiзiнде, Жамбыл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек селолық округіндегі "Абзал" шаруа қожалығында, Дегерес селолық округінің Дегерес ауылында және Қарақыстақ селолық округiнің Үшбұлақ ауылында аусыл ауруының пайда болуына байланысты, Жамбыл ауданы бойынша шектеу iс-шараларын еңгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. "Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл аудандық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi және "Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, аусыл ауруының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткiзу мақсатында, қажеттi ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өткiзсiн.
      3. Жамбыл ауданының аумағы аусыл ауруы бойынша қолайсыз аймақ деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкiмiнiң орынбасары Чажабаев Жұмабек Тоқаұлына жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Далабаев

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий

Постановление акимата Жамбылского района Алматинской области от 27 февраля 2012 года N 104. Зарегистрировано Управлением юстиции Жамбылского района Департамента юстиции Алматинской области 11 марта 2012 года N 2-7-133. Утратило силу постановлением Жамбылского районного акимата Алматинской области от 02 апреля 2012 года № 267

      Сноска. Утратило силу постановлением Жамбылского районного акимата Алматинской области от 02.04.2012 года № 267.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с подпунктом 18) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 9) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Жамбылского района от 25 февраля 2012 года N 1-17-25, акимат Жамбылского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В связи с возникновением болезни ящур в крестьянском хозяйстве "Абзал" в Актерекском сельском округе, в селе Дегерес Дегересского сельского округа и в селе Ушбулак Каракастекского сельского округа Жамбылского района Алматинской области, установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий по Жамбылскому району.
      2. Государственному учреждению "Инспекция Жамбылского района комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" и государственному учреждению "Отдел ветеринарии Жамбылского района", в целях недопущения распространения ящура и достижения ветеринарно-санитарного благополучия в выявленном эпизоотическом очаге, провести необходимые ветеринарно-санитарные мероприятия.
      3. Признать территорию Жамбылского района неблагополучной зоной по ящуру.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Акима Жамбылского района Чажабаева Жумабека Токаевича.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Ж. Далабаев