Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 02.04.2012 № 267 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 1-17-25 ұсынысы негiзiнде, Жамбыл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек селолық округіндегі "Абзал" шаруа қожалығында, Дегерес селолық округінің Дегерес ауылында және Қарақыстақ селолық округiнің Үшбұлақ ауылында аусыл ауруының пайда болуына байланысты, Жамбыл ауданы бойынша шектеу iс-шараларын еңгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
2. "Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл аудандық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi және "Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, аусыл ауруының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткiзу мақсатында, қажеттi ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өткiзсiн.
3. Жамбыл ауданының аумағы аусыл ауруы бойынша қолайсыз аймақ деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкiмiнiң орынбасары Чажабаев Жұмабек Тоқаұлына жүктелсiн.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Далабаев