РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Іле ауданы әкімі жанындағы аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып КазЦИК ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. КазЦИК ауылдық округіндегі КазЦИК, Комсомол ауылдарындағы жаңа көшелерге төмендегі аттары қойылсын:
1) КазЦИК ауылының шығысында орналасқан көшеге "Бекет ата", солтүстігінде орналасқан көшеге "Белағаш Ақұлы".
2) Комсомол ауылының солтүстігінде орналасқан көшеге "Сүйінбай Аронұлы".
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары Жумабаев Бауыржан Ақжолұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
КазЦИК ауылдық
округінің әкімі Б. Берекетов