КазЦИК ауылдық округіндегі жаңа көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 10 желтоқсанда N 2218 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Іле ауданы әкімі жанындағы аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып КазЦИК ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. КазЦИК ауылдық округіндегі КазЦИК, Комсомол ауылдарындағы жаңа көшелерге төмендегі аттары қойылсын:
      1) КазЦИК ауылының шығысында орналасқан көшеге "Бекет ата", солтүстігінде орналасқан көшеге "Белағаш Ақұлы".
      2) Комсомол ауылының солтүстігінде орналасқан көшеге "Сүйінбай Аронұлы".
      2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары Жумабаев Бауыржан Ақжолұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      КазЦИК ауылдық
      округінің әкімі                            Б. Берекетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады