Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 5-4-26 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 07 мамырда N 2-16-155 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 5-15-116 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 04.03.2013 N 5-15-116 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттілікті ескере отырып, бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы.
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Оңласынов

      Мәслихат хатшысы                           Т. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Панфилов ауданының "Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекеменің бастығы                          Оспанов А.А.
      12 сәуір 2012 жыл

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Панфиловского района

Решение маслихата Панфиловского района Алматинской области от 12 апреля 2012 года N 5-4-26. Зарегистрировано Управлением юстиции Панфиловского района Департамента юстиции Алматинской области 07 мая 2012 года N 2-16-155. Утратило силу решением маслихата Панфиловского района Алматинской области от 12 апреля 2013 года N 5-15-116

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Панфиловского района Алматинской области от 12.04.2013 N 5-15-116
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      Согласно пункта 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" от 8 июля 2005 года и Постановления Правительства Республики Казахстана "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" N 183 от 18 февраля 2009 года Панфиловский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты.
      2. Определить размеры мер социальной поддержки:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю.
      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам образования, здравоохранения, культуры, социальной политики, спорта и по делам молодежи.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        М. Онласынов

      Секретарь маслихата                        Т. Оспанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел экономики
      и бюджетного планирования"
      Панфиловского района                       Оспанов А.А.
      12 апреля 2012 года