Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 04.03.2013 N 5-15-116 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттілікті ескере отырып, бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы.
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Оңласынов
Мәслихат хатшысы Т. Оспанов
КЕЛІСІЛДІ:
Панфилов ауданының "Экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекеменің бастығы Оспанов А.А.
12 сәуір 2012 жыл