РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 28-бабына Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 25 сәуірде N 2-19-134 болып тіркелген және "Іле өңірі-Или тәвәси" газетінің 2012 жылғы 25 мамырдағы N 21(1061) жарияланған) N 4-66 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшасында:
көрсетілген қаулымен құрылған аудандық шақыру комиссиясының құрамына:
Казахбаев Толеген Ермекович - "Ұйғыр ауданының қорғаныс жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Ашимов Эверест Абдрусулович – "Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, медициналық комиссия төрағасы енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Оспанов Асқар Советханович, Баратова Гульминам Камаловна шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модиновичке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Омаров
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұйғыр аудандық ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Онгаров Болат Кенесович
29 қазан 2012 жыл
"Ұйғыр аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның директоры Мамбеталиев Акжолтай Турдалиевич
29 қазан 2012 жыл
"Ұйғыр ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Казахбаев Толеген Ермекович
29 қазан 2012 жыл