РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін жердің меншік иелері және жер пайдаланушылардан алып қоймай екі жыл мерзімге 1 қосымшаға сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы 2 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
3. "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына келтірілген шығынның өтемақысын өтесін.
4. "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысы аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді жаңғырту жүргізсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы 297 қаулысына 1 қосымша |
Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысын жүргізу үшін "Азиалық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлер
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық әкімдігінің 19.12.2013 № 398 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараныз) қаулысымен.Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 қазандағы № 297 қаулысына 2 қосымша |
Жамбыл облысы аумағындағы "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысы үшін қауымдық сервитут белгілеуден туындайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасы*
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық әкімдігінің 19.12.2013 № 398 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараныз) қаулысымен.*Ескертпе: Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасасы "Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысы негізінде ала отырып есептелген.