"Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 297 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қарашада № 1835 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 02.11.2015 № 265 қаулысымен
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін жердің меншік иелері және жер пайдаланушылардан алып қоймай екі жыл мерзімге 1 қосымшаға сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
      2. "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы 2 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      3. "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына келтірілген шығынның өтемақысын өтесін.
      4. "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысы аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді жаңғырту жүргізсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 2 қазандағы
297 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысын жүргізу үшін "Азиалық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлер

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық әкімдігінің 19.12.2013 № 398 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараныз) қаулысымен.


Аудандар атауы
Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар
Оның ішінде
Ауыл шаруашылық алқаптары, гектар
Оның ішінде егістік жерлер
Көп жылдық екпелер, гектар
Шабындық, гектар
Жайылым, гектар
Бөгде жер, гектар
Барлығы, гектар
Суармалы, гектар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Жуалы ауданы
187,9497
186,5920
124,8272
6,3397
---
---
61,7648
1,3577
2
Жамбыл ауданы
203,3561
195,0069
69,5165
46,1438
4,3788
31,8117
89,2999
8,3492
3
Байзақ ауданы
203,9987
197,1710
153,7987
82,0281
6,1308
3,7253
33,5162
6,8277
4
Т.Рысқұлов ауданы
505,3865
505,2193
373,3874
---
---
---
131,8319
0,1672
5
Меркі ауданы
206,7046
206,5796
---
---
---
0,3364
206,2432
0,1250
6
Шу ауданы
516,5925
488,5409
160,3231
43,8374
---
---
328,2178
28,0516
7
Қордай ауданы
293,1967
291,6943
30,1293
---
---
---
261,5650
1,5024
 
Барлығы:
2117,1848
2070,8040
911,9822
178,3490
10,5096
35,8734
1112,4388
46,3808

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 02 қазандағы
№ 297 қаулысына 2 қосымша

Жамбыл облысы аумағындағы "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысы үшін қауымдық сервитут белгілеуден туындайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасы*

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық әкімдігінің 19.12.2013 № 398 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараныз) қаулысымен.


Аудандар атауы
Топырақ түрлері
Алқаптар түрлері
Қауымдық сервитут белгіленген жерлердің көлемі, гектар
Аыл шарушылығы өндірісінің шығасы, тенге
1
2
3
4
5
6
1
Жуалы ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
суарылмайтын егістік, суармалы егістік, жайылым
186,592
45 136 887
2
Жамбыл ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
суарылмайтын егістік, суармалы егістік, көп жылдық екпелер, шабындық, жайылым
195,0069
82 391 877
3
Байзақ ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
суарылмайтын егістік, суармалы егістік, көп жылдық екпелер, жайылым, шабындық
197,171
138 964 857
4
Т.Рысқұлов ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
суарылмайтын егістік, жайылым,
498,4705
111 754 003
5
Меркі ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
жайылым, шабындық,
45,3858
2 689 677
6
Шу ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
суармалы егістік, суарылмайтын егістік, жайылым
476,7061
109 090 695
7
Қордай ауданы
Кәдімгі сұр топырақ
суарылмайтын егістік, жайылым,
291,6943
23 804 174
 
Барлығы:
 
 
1891,0266
513 832 170

      *Ескертпе: Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасасы "Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысы негізінде ала отырып есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады