РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Қала әкімі Б.Орынбеков
Тараз қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған қала ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, сұраныс пен ұсыныс
№ |
Ұйымдардың атауы |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары |
Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру (теңге) |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1. |
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» «Жасыл Тараз» |
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру |
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша |
32000 жергілікті бюджет |
300 |
250 |
2 |
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау |
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша |
30000 жергілікті бюджет |
15 |
10 |
Барлығы |
315 |
260 |