2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Меркі ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 168 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда 6-6-109 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 - бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес Меркі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Рысқұлбеков Төленді Беделбайұлы - «Жамбыл облысы Меркі ауданы
                                  әкімдігі» Меркі ауданы Әкімінің
                                  орынбасары, комиссия төрағасы;
Нурдинов Көпбосын Кенесбекұлы   - «Жамбыл облысы Меркі ауданының
                                  Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
                                  мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                                  комиссия төрағасының орынбасары
                                  (келісімі бойынша);
Комиссия мүшелері:
Жайлаубеков Мұхтар Болатұлы     - «Жамбыл облысы ішкі істер
                                  департаментінің Меркі аудандық ішкі
                                  істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
                                  бастығының орынбасары (келісімі
                                  бойынша);
Қайрақбаева Раймонда            - «Жамбыл облысы әкімдігінің
Қайрақбаевна                      денсаулық сақтау басқармасы Меркі
                                  аудандық орталық ауруханасы»
                                  коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорнының бас дәрігерінің
                                  орынбасары, дәрігерілік комиссияның
                                  төрағасы (келісімі бойынша);
Тоқтышақова Индира Сыдықбекқызы - «Жамбыл облысы әкімдігінің
                                  денсаулық сақтау басқармасы Меркі
                                  аудандық орталық ауруханасы»
                                  коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                                  хатшысы(келісімі бойынша).
      3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төленді Беделбайұлы Рысқұлбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
 
      Аудан әкімі                                С.Жұмағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»:

Жамбыл облысы Меркі ауданының
Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
11 сәуір 2012 жыл

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Меркі аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.К.Жүсіпов
11 сәуір 2012 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
М.С.Жұманқұлов
11 сәуір 2012 жыл

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Меркенскому району

Постановление акимата Меркенского района Жамбылской области от 11 апреля 2012 года № 168. Зарегистрировано Меркенским Управлением юстиции 10 мая 2012 года за № 6-6-109

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      На основании статьи - 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указа Президента Республики Казахстан от 01 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной войнской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», Постановления Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 01 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года» акимат Меркенского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Провести призыв на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Для проведения призыва граждан на воинскую службу образовать районную комиссию в следующем составе:

Рыскулбеков Толенди Беделбаевич - «Жамбылская область Меркенский
                                  районный акимат» заместитель акима
                                  Меркенского района, председатель
                                  комиссии;
Нурдинов Копбосын Кенесбекович  - начальник государственного
                                  учреждения «Отдел по делам обороны
                                  Меркенского района Жамбылской
                                  области», заместитель председателя
                                  комиссии (по согласованию);
Члены комиссии:
Жайлаубеков Мухтар Болатович    - заместитель начальника
                                  государственного учреждения «Отдел
                                  внутренних дел Меркенского района
                                  Департамента внутренних дел
                                  Жамбылской области» (по
                                  согласованию);
Кайракбаева Раймонда            - Заместитель главного врача
Кайракбаевна                      коммунального государственного
                                  казенного предприятия «Центральная
                                  районная больница Меркенского
                                  района управления здравоохранения
                                  акимата Жамбылской области»,
                                  председатель медицинской комиссии
                                  (по согласованию);
Токтышакова Индира Сыдыбековна  - медицинская сестра государственного
                                  казенного предприятия «Центральная
                                  районная больница Меркенского
                                  района управления здравоохранения
                                  акимата Жамбылской области»,
                                  секретарь медицинской комиссии (по
                                  согласованию).
      3. Государственному учреждению «Отдел внутренних дел Меркенского района Департамента внутренних дел Жамбылской области» (по согласованию) рекомендовать в пределах своей компетенции обеспечить доставку лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Рыскулбекова Толенди Бедельбаевича.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникающие с 1 апреля 2012 года.
 
      Аким района                                С.Жумагулов
 
«СОГЛАСОВАНО»:

Начальник государственного учреждения
«Отдел по делам обороны Меркенского района
Жамбылской области»
Нурдинов К.К.
11 апреля 2012 год

Начальник государственного учреждения
«Отдел внутренних дел Меркенского района
департамента внутренних дел Жамбылской области»
Жусупов А.К.
11 апреля 2012 год

Главный врач государственного коммунального
предприятия: «Меркенская центральная районная больница
управления здравоохранения акимата Жамбылской области»
Жуманкулов М.С.
11 апреля 2012 год