РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 - бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес Меркі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Рысқұлбеков Төленді Беделбайұлы - «Жамбыл облысы Меркі ауданы
әкімдігі» Меркі ауданы Әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасы;
Нурдинов Көпбосын Кенесбекұлы - «Жамбыл облысы Меркі ауданының
Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
(келісімі бойынша);
Комиссия мүшелері:
Жайлаубеков Мұхтар Болатұлы - «Жамбыл облысы ішкі істер
департаментінің Меркі аудандық ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары (келісімі
бойынша);
Қайрақбаева Раймонда - «Жамбыл облысы әкімдігінің
Қайрақбаевна денсаулық сақтау басқармасы Меркі
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігерінің
орынбасары, дәрігерілік комиссияның
төрағасы (келісімі бойынша);
Тоқтышақова Индира Сыдықбекқызы - «Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы Меркі
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы(келісімі бойынша).
3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төленді Беделбайұлы Рысқұлбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
Аудан әкімі С.Жұмағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»:
Жамбыл облысы Меркі ауданының
Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
11 сәуір 2012 жыл
«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Меркі аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.К.Жүсіпов
11 сәуір 2012 жыл
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
М.С.Жұманқұлов
11 сәуір 2012 жыл