РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санынының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Алдасүгірұлы Қалымбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Арубаев |