Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі N 232 қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 тамызда 6-7-86 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 19.11.2015 № 359 ќаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мойынқұм ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санынының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Алдасүгірұлы Қалымбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Арубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады