2012 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/26 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде N 8-2-152 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 7 ақпандағы N 12/102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 07.02.2013 N 12/102 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2011 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/331 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-129 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 14 қаңтардағы N 2 (7700) "Сарыарқа" газетінде және 2011 жылдың 14 қаңтардағы N 2 (246) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Филипович С.В.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Медебаев С.Т.

О предоставлении подъемного пособия специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2012 год

Решение Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 19 марта 2012 года N 4/26. Зарегистрировано Управлением юстиции города Жезказган Карагандинской области 13 апреля 2012 года N 8-2-152. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 7 февраля 2013 года N 12/102

      Сноска. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 07.02.2013 N 12/102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года N 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2012 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты подъемное пособие в размере семидесятикратного месячного расчетного показателя.
      2. Признать утратившим силу решение Жезказганского городского маслихата "О предоставлении подъемного пособия специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2011 год" от 23 декабря 2010 года N 28/331 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 8-2-129, опубликованное 14 января 2011 года N 2 (7700) в газете "Сарыарқа" и 14 января 2011 года N 2 (246) в газете "Жезказганская правда").
      3. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянные комиссии городского маслихата.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Филипович С.В.

      Секретарь городского маслихата             Медебаев С.Т.