2011 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/331 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 8-2-129 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.03.19 N 4/26 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысына сәйкес Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2010 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" 2010 жылғы 12 наурыздағы N 21/247 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-112 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 16 сәуіріндегі N 28 (7645) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 7 сәуіріндегі N 22 (192) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Қ.С. Әбдіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.А. Ставицкая
      23.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады