"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүргендер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жезқазған қаласында жұмыс орындарына:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 11/01 "Жезқазған қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-141 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымдағы N 20 (7720) "Сарыарқа" газетінде және 2011 жылғы 3 маусымдағы N 22 (266) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б. Шингисов |