1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жезқазған қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Д. Ақылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Жезқазған қаласы әкімі | Б. Ахметов |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 15/05 қаулысына қосымша |
Жезқазған қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жезқазған қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 08/05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-2-80 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 сәуірде № 44 (7537) "Сарыарқа", №28 (102) "Жезказганская правда" газеттерінде жарияланған) қаулысы.2. "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 09 шілдедегі № 17/14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-2-93 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 тамызда № 86 (7579) "Сарыарқа", № 58 (132) "Жезказганская правда" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3. "Жезқазған қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 22/05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1984 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 51 (347) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) қаулысы.