Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.04.2013 N 15/4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы А. Ломакин
Мәслихат хатшысы В. Свиридов
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________ Ю. Ким
11 сәуір 2012 ж.
Теміртау қалалық мәслихаттың
2012 жылғы 11 сәуірдегі
N 3/6 шешімімен бекітілген
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулысына сәйкес дайындалған және Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкетуді, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
4) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеу жұмыстары – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін өзгертумен байланыспаған, қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдықтар жүйелерін алмастырып табиғи немесе моральдық тозуды жоятын құрылыстық және ұйымдастырушы-техникалық кешенді шаралары;
6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
7) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
8) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш беретін адам (бұдан әрі - өтініш беруші);
9) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау бойынша уәкілетті орган – "Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ХҚКО);
10) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
11) уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
13) шот – жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарды төлеуге арналған және тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде қызметті жеткізушімен электрондық және қағаз тасымалдағыштарда немесе өтініш берушімен қағаз тасымалдағышта ұсынылатын құжат.
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған жарналарға жұмсалған шығындарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегі егер де өтемақылық шаралармен қамтылатын тұрғын үй ауданының нормасы шегінде жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар отбасының бюджетінде осы мақсаттарға жұмсалған шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асқан жағдайда, алайда жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне жұмсалған шығыстардың нормативтері нақты тұратын жалпы ауданынан артық болмаған жағдайда, Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормативтерін анықтау
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіпте көрсетеді:
1) өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен бекітілген (көпбөлмелі пәтерлерде (үйлерде) адам басына 18 шаршы метр), отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, бір бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – тұрғын үйдің жалпы ауданы, көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын жалғыз басты азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – 30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметті тұтыну нормалары:
нақты шығындар бойынша газды тұтыну, бірақ (тұрғын үй көмегін есептеген кезде, екі қабаттан аспайтын тұрғын үй ғимаратының пәтерлеріндегі баллонды газ ескеріледі):
орталықтандырылған ыстық суы бар, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 8 килограммнан;
орталықтандырылған ыстық суы жоқ, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 10 килограммнан артық емес;
қатты отынды тұтыну нақты шығындар бойынша қызметтерді жеткізушінің шоттарын (түбіртектерді, жөнелтпе құжаттарды, фактура-шоттарды, анықтамаларды) ұсына отырып, бірақ:
7 ай жылу беру мезгілін есептегенде тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылыту үшін – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 98 килограмм көмірден артық емес (тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика жөніндегі облыстық органдардың мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Теміртау қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады);
нақты шығындар бойынша бір адамның электр қуатын тұтыну, бірақ:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 80 киловаттан;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 100 киловаттан аспауы тиіс;
3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты шығару қызметін лифттерге қызмет көрсетуді пайдалану, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға жұмсалған шығыстардың нормаларын басқару үлгісіне қарамастан (басқарудың заңды үлгісін ресімдеген пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, өзін-өзі басқару комитеттері, үй комитеттері) қызметтерді жеткізуші немесе тарифтерді белгілейтін орган бекіткен тарифтер негізінде белгіленеді.
5. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға белгіленген нормадан жоғары шығыстарын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегі арқылы өтемақы төленуге жатады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган ұсынады және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Тұрғын үй көмегін келесі отбасылар ресімдей алмайды:
1) егер бір айдан астам уақыт бойы стационарлық ем алып жатқан, диспансерлік тіркеуде тұрған, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, бірінші, екінші топ мүгедектеріне, мүгедек балаларға, сексен жастан асқан адамдарға күтім көрсететін, жеті жасқа дейінгі баланың тәрбиесімен айналысатын тұлғалардан басқа, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген, құрамында жұмысқа қабілетті азаматтары болса;
2) егер жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға берсе;
3) жұбайының қайда екенін білмейтін (жасыратын) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына арызданбаған, құрамында заңды некеде тұратын тұлғалары бар болса.
9. Ішімдікке немесе есірткіге құмар отбасы мүшелерімен, немесе 18 жасқа толмаған тұлғалармен бірге тұратын пәтерлердің иесі болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір адамға (18 шаршы метр) арналған тұрғын үй көлемінің нормалары және бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұруына байланыссыз бір адамға коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінің негізінде ұсынылады.
10. Орынды себептерсіз аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғау уәкілетті органның ұсынысынан бас тартқан жұмыссыздарға (олардың отбасыларына), сондай-ақ өз шешімі бойынша әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмыстарға қатысудан, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан бас тартқандарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Құрамында жұмыссыздар бар отбасыларға тұрғын үй көмегі оның жұмысқа орналасқан, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысына, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап қайта тағайындалады.
11. Жанжалды, таласты немесе кикілжің жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
12. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, нормалар шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар үшін нақты есептелген төлемақы, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақының көтерілу айырмашылығы сомасынан артық болуы мүмкін емес.
13. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстардың нақты есептелген сомасы жөніндегі мәліметтерді коммуналдық қызметтерді жеткізуші (электрондық немесе қағаз тасымалдағышта) және (немесе) жеке тұлға (қағаз тасымалдағышта) ұсынады.
14. Уәкілетті орган қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының есеп шоттарына тұрғын үй көмегін төлеуді және тұрғын үй көмегін одан әрі алушылардың дербес шоттарына аударуды екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады. Жеке шоттарға тұрғын үй көмегін аудару үшін өтініш беруші келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік.
15. Тұрғын үй көмегінің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері мен кезеңділігі
16. Тұрғын үй көмегін барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген айдан бастап уәкілетті орган 1 жыл мерзімге тағайындайды. Отбасының табысы мен құрамы жөніндегі, сондай-ақ тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынылады.
Егер өтініш беруші ағымдағы тоқсанның екінші немесе үшінші айында өтініш білдірген болса, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның барлық айына тағайындалады (келесіде тоқсан сайын өтініш беретін жағдайда).
17. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы 10 күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиісті.
Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра тағайындалуына әкеліп соқтырған жалған мәліметтерді бергені үшін отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тағайындалған кезеңде тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сома өз еркімен, ал одан бас тартқан жағдайда - сот арқылы қайтарылады.
18. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтері, шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда тиісті өзгерістер басталған сәттен бастап алдында тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде, отбасының басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен расталған тұлғалар есепке алынбайды.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беру және есептеу тәртібі
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ХҚКО өтініш береді (осы Ережеге 1-қосымша) және келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі және техникалық паспорты;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі (65 жастан жоғары жеке тұратын жалғызілікті тұлғалардан басқа тұлғалардың некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктері, қаза болу туралы куәлік, N 4 үлгідегі туу туралы анықтамасы);
5) отбасы мүшелерінің табысын және отбасы мүшелерінің айналысатын қызмет түрін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек келісім шартының көшірмесі, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органнан анықтама, оқу (мектептен басқа) немесе қызмет орнынан анықтама, мүгедектігі жөніндегі анықтаманың көшірмесі);
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалған шығыстар туралы мәлімет (түбіртек, анықтама, хабарлама);
7) орталықтандырылған жылудың жоқтығы және қатты отынды пайдалануды растайтын мәлімет, қатты отынды пайдалануды растайтын шот (түбіртектер, жөнелтпе құжаттар, фактура-шоттар, анықтамалар);
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
9) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының колымен расталған тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
10) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары (сыйымды немесе баллонды газды қолданған жағдайда – анықтама, түбіртек);
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмелерде тапсырылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
21. Тапсырылған құжаттарды қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Ереженің 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес үлгі бойынша бланктерді толтырады.
Келісім шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады. Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін көрсету үшін негіздеме болып табылады.
Келесі тоқсандарда отбасының құрамы мен тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының көлемі өзгерусіз қалса, онда осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгідегі бланк толтырылмайды.
22. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін нормалар шегінде тұтынуға ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
1-қосымша
Уәкілетті органға
____________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
____________________________________________
(елді мекен, аудан)
______________________ мекен-жайында тұратын
(көше, үйдің, пәтердің N, телефон N)
___________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәліктің N ___________________________
берген _________________________
берілген күні ______________________________
ӘЖК N _____________________________________
СТН ________________________________________ ЖСН ________________________________________
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
ӨТІНІШ
Менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
Менің отбасым ____ адамнан тұрады.
Өтінішке қоса қажетті құжаттарды ұсындым.
Дербес шоттың N _______________. Қызметті жеткізушінің атауы ________________________
(кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, канализацияға, ыстық суға, қоқыс шығаруға, тоққа, газге, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифттерді жөндеу жұмыстарының шығындары)
Дербес шоттың N ________. Қызметті жеткізушінің атауы _______________ (кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, канализацияға, ыстық суға, қоқыс шығаруға, тоққа, газге, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифттерді жөндеу жұмыстарының шығындары)
Дербес шоттың N _________. Банктің атауы ____________________________ (кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, канализацияға, ыстық суға, қоқыс шығаруға, тоққа, газге, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифттерді жөндеу жұмыстарының шығындары)
Дербес шоттың N ________. Кондоминиум объектісін басқару органы _______ (кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, канализацияға, ыстық суға, қоқыс шығаруға, тоққа, газге, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифттерді жөндеу жұмыстарының шығындары)
Мен және менің отбасымның мүшелері, біздің келісіміміздің дәлелі ретінде отбасы мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетуге болатын табыстары туралы ақпаратты "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беруге рұқсат етеміз.
Теріс мәліметтерді және жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным жөнінде алдын ала ескертілді.
Менің (менің отбасымның) табыстарын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық қорының мәліметтерімен салыстыруға келісемін.
"____"__________ 20____ж. _____________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттардың қабылданған күні
"____"__________ 20____ж. ________ __________________________________
(қолы) (құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы)
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
2-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Отбасы құрамы және тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының көлемі туралы МӘЛІМЕТ
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(үйдің мекен-жайы)
Өтініш берушінің отбасылық жағдайы __________________________________
Отбасы _______ адамнан құрылған. Тұрғын үйдің ауданы _______________ шаршы метр.
____________ жылғы N ________ _______________________________________
(тұрғын үйге құқық беретін құжаттың атауы)
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Туылған күні, айы, жылы |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Өтініш берушінің қолы __________________ Маманның қолы ______________
Күні __________________________________
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
3-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
20___ жылғы _______________ тоқсандағы өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табысы туралы МӘЛІМЕТ
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
т/б N |
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Құжатпен расталған табыстардың сомасы |
Басқа да мәлімделген табыстар |
||
табыс түрі |
сомасы, теңге |
табыс түрі |
сомасы, теңге |
||
Өтініш берушінің қолы _____________ Маманның қолы __________________
Күні __________________________________
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
4-қосымша
20___ жылғы _______________ тоқсандағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстар туралы МӘЛІМЕТ
_____________________________________________________ Әлеуметтік топ
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) зейнеткер -
______________________________________________________ мүгедек -
(үйдің мекен-жайы) жұмысшы -
жұмыссыз -
басқалары -
Тұрғын үйдің жалпы ауданы ________ ш.м. Бөлме саны ________ Әлеуметтік норма _____________ ш.м.
Үйдің жалпы сипаттамасы ____________________________________________
(орталықтандырылған немесе баллонды газ, электр плитасы)
20___ жылғы ____ тоқсандағы жиынтық табыс _____________
т/б N |
Төлем түрі |
________ |
________ |
_________ |
1 |
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалған шығыстар |
|||
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған нысаналы жарна |
||||
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарна |
||||
2 |
Жылу беру (орталықтандырылған жылыту, қатты отын) |
|||
3 |
Суық су |
|||
4 |
Кәріз |
|||
5 |
Ыстық су |
|||
6 |
Қоқыс шығару |
|||
7 |
Электр энергиясы |
|||
8 |
Газ |
|||
9 |
Телефон |
|||
10 |
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы |
|||
БАРЛЫҒЫ: |
20___ ж. "___"___________ Маманның қолы ____________________________