Еңбек нарығындағы жағдайға қарай, халықты әлеуметтік қорғау бойынша шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
еңбек нарығында қажеті болмай қалған және ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
қайта некеге тұрмаған және кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін (жесір, неке бұзған) әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | Н. Сұлтанов |