Теміртау қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      Қала әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 22/3 қаулысына қосымша

Күшін жойды деп танылған Теміртау қаласы әкімдігінің қаулыларының тізбесі:

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 47/2 "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2080 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қаңтарда № 3 "Құрыш қала", № 2 "Новый Теміртау" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 49/1 "Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2096 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қаңтарда № 3 "Құрыш қала", № 2 "Новый Теміртау" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 1/3 "Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2955 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурыздағы № 13 "Құрыш қала KZ" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады