Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (сызбаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы N 2/20 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 сәуірде N 8-4-277 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/145 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес, Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сызбалары) бекітілсін және жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/145 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Күштерi жойылды деп танылсын:

      қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 28 маусымдағы N 23/226 "Жер салығы ставкасына бағалық аймақтарға бөлу сұлбасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 870 болып тіркелген, 2002 жылғы 7 тамыздағы N 61-62 "Балқаш өңірі", 2002 жылғы 7 тамыздағы N 64 "Балхашский рабочий" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      Ескерту. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2002.06.28 N 23/226 шешімі РҚАО-на түспеген.

      қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 25/237 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 28 маусымдағы "Жер салығы ставкасына бағалық аймақтарға бөлу сұлбасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" N 23/226 шешіміне толықтыру енгізу жөнінде" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 965 болып тіркелген, 2002 жылғы 1 қарашадағы N 88 "Балқаш өңірі", 2002 жылғы 1 қарашадағы N 88 "Балхашский рабочий" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      Ескерту. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2002.09.30 N 25/237 шешімі РҚАО-на түспеген.

      қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 9 маусымдағы N 30/240 "Жер салығы ставкасына бағалық аймақтарға бөлу сұлбасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 28 маусымдағы N 23/226 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-188 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдедегі N 80-81 (629) "Балхашский рабочий" газеттерінде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өнеркәсіп, құрылыс, көлік, шағын және орта бизнестің дамуы, коммуналдық шаруашылық және экология бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (М. Сулейменов).

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Сулейменов

Қалалық мәслихаттың хатшысы

К. Рахимберлина

"КЕЛІСІЛДІ"


Қала әкімі Тейлянов К.Г.


19 наурыз 2012 жыл


"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы


Мамытова А.Т.


19 наурыз 2012 жыл


Балқаш қаласы бойынша


салық басқармасының бастығы


Ефанов А.И.



      19 наурыз 2012 жыл

  Қалалық маслихаттың
2012 жылғы 14 наурыздағы
№2/20 шешіміне 1 қосымша

Балқаш қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/145 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

Шартты белгілер:


  Қалалық маслихаттың
2012 жылғы 14 наурыздағы
№2/20 шешіміне 2 қосымша

Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/145 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
     


Шартты белгілер:



  Қалалық маслихаттың
2012 жылғы 14 наурыздағы
№2/20 шешіміне 3 қосымша

Балқаш қаласының жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру

      Ескерту. Шешім 3-қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/145 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

Жерлердің орналасқан аймағы

Арттыру пайызы

1

І

+50%

2

ІІ

+30%

3

ІІІ

0

  Қалалық маслихаттың
2012 жылғы 14 наурыздағы
№2/20 шешіміне 4 қосымша

Саяқ кентінің жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру

      Ескерту. Шешім 4-қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/145 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

Жерлердің орналасқан аймағы

Арттыру пайызы

1

І

+50%

2

ІІ

+30%

3

ІІІ

0


Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Балхаш, поселка Саяк и о корректировке базовых ставок земельного налога

Решение Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 14 марта 2012 года N 2/20. Зарегистрировано Управлением юстиции города Балхаш Карагандинской области 27 апреля 2012 года N 8-4-277.

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 21.12.2022 № 19/145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Земельным Кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить проекты (схемы) зонирования земель города Балхаш, поселка Саяк и повысить базовые ставки земельного налога согласно приложениям 1, 2, 3, 4 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 21.12.2022 № 19/145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу:

      решение городского маслихата от 28 июня 2002 года N 23/226 "Об утверждении схемы ценового зонирования и поправочных коэффициентов к ставкам земельного налога" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 870, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" от 7 августа 2002 года N 61-62, "Балхашский рабочий" от 7 августа 2002 года N 64);

      Сноска. Решение Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 28.06.2002 N 23/226 в РЦПИ не поступало.

      решение городского маслихата от 30 сентября 2002 года N 25/237 "О внесении дополнения в решение городского маслихата от 28 июня 2002 года N 23/226 "Об утверждении схемы ценового зонирования и поправочных коэффициентов к ставкам земельного налога" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 965, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" от 1 ноября 2002 года N 88, "Балхашский рабочий" от 1 ноября 2002 года N 88);

      Сноска. Решение Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 30.09.2002 N 25/237 в РЦПИ не поступало.

      решение городского маслихата от 9 июня 2010 года N 30/240 "О внесении изменений в решение городского маслихата от 28 июня 2002 года N 23/226 "Об утверждении схемы ценового зонирования и поправочных коэффициентов к ставкам земельного налога" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-4-188, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" от 16 июля 2010 года N 85-86 (11599), "Северное Прибалхашье" от 16 июля 2010 года N 80-81 (629).

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по промышленности, строительству, транспорту, развитию малого и среднего бизнеса, коммунальному хозяйству и экологии (М. Сулейменов).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Сулейменов

Секретарь городского маслихата

К. Рахимберлина

"Согласовано"


Аким города Тейлянов К.Г.


19 марта 2012 года


Начальник государственного


учреждения "Отдел земельных


отношений города Балхаш"


Мамытова А.Т.


19 марта 2012 года


Начальник налогового


управления по городу Балхаш


Ефанов А.И.



      19 марта 2012 года

  Приложение 1
к решению городского маслихата
от 14 марта 2012 года №2/20

Проект (схема) зонирования земель города Балхаш

      Сноска. Приложение 1 – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 21.12.2022 № 19/145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


Условные обозначения:


  Приложение 2
к решению городского маслихата
от 14 марта 2012 года №2/20

Проект (схема) зонирования земель поселка Саяк

      Сноска. Приложение 2 – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 21.12.2022 № 19/145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


Условные обозначения:


  Приложение 3
к решению городского маслихата
от 14 марта 2012 года №2/20

Повышение базовых ставок земельного налога города Балхаш

      Сноска. Решение дополнено приложением 3 в соответствии с решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 21.12.2022 № 19/145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Зоны расположения земель

Процент повышения

1

І

+50%

2

ІІ

+30%

3

ІІІ

0

  Приложение 4
к решению городского маслихата
от 14 марта 2012 года №2/20

Повышение базовых ставок земельного налога поселка Саяк

      Сноска. Решение дополнено приложением 4 в соответствии с решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 21.12.2022 № 19/145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Зоны расположения земель

Процент повышения

1

І

+50%

2

ІІ

+30%

3

ІІІ

0