Балқаш қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-4-277 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (сызбаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы";
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес, Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сызбалары) бекітілсін және жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын.";
көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;
осы шешімнің 3 және 4 қосымшаларына сәйкес 3 және 4 қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | А. Муслымов |
Балқаш қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 19/145 шешіміне 1 қосымша |
|
Қалалық маслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 шешіміне 1 қосымша |
Балқаш қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы)
Шартты белгілер:
Балқаш қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 19/145 шешіміне 2 қосымша |
|
Қалалық маслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 шешіміне 2 қосымша |
Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы)
Шартты белгілер:
Балқаш қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы |
|
№ 19/145 шешіміне 3 қосымша |
|
Қалалық маслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 шешіміне 3 қосымша |
Балқаш қаласының жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру
№ | Жерлердің орналасқан аймағы | Арттыру пайызы |
1 | І | +50% |
2 | ІІ | +30% |
3 | ІІІ | 0 |
Балқаш қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 19/145 шешіміне 4 қосымша |
|
Қалалық маслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 шешіміне 4 қосымша |
Саяқ кентінің жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру
№ | Жерлердің орналасқан аймағы | Арттыру пайызы |
1 | І | +50% |
2 | ІІ | +30% |
3 | ІІІ | 0 |