Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 27.05.2013 N 12/39 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі Б. Ахметов
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
N 26/31 қаулысымен
бекітілген
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі түсініктер
1. Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралар анықтамасы:
1) ҚФБ - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары - құрылымдық - функцияналдық бірліктері, ақпараттық жүйелері немесе олардың қосалқы жүйелері;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - ағымдағы тоқсанға тағайындалатын, отбасының әрбір мүшесінің орташа табысы белгіленген деңгейден (кедейшілік шегінен) төмен тұлғаларға және отбасыларға ақшалай төлем;
3) уәкілетті орган - "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
3. Мемлекеттік қызмет "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, (бұдан әрі - уәкілетті орган), (байланыс деректері осы регламенттегі 1 қосымшада көрсетілген).
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө бұйрығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысының негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне талаптар
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушыларға) көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы регламенттің 13 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
уәкілетті органға - жеті жұмыс күні ішінде;
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 15 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органның, жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған уақыттан бастап және мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген уақытқа дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы осы регламенттің 13 тармағында айқындалған қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе, тұрғылықты жері бойынша кент әкіміне өтініш береді;
2) уәкілетті орган тұтынушы уәкілетті органға өтініш білдірген кездегі ұсынылған, құжаттарды қарастыруды, тіркеуді жүзеге асырады, хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, уәкілетті органға өтініш білдірген жағдайда, тұтынушыға жолдайды;
12. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
13. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодтың нөмірі;
2) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;
4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;
5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.
Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.
14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уәкілетті органда тұтынушыға мемлекеттік қызметке тұтынушыны тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты - жөні көрсетілген талон беріледі.
15. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға тұтынушының өзі келгенде не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
16. Мынадай:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;
2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесі құрылымдық - функцияналдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) уәкілетті органның басшысы;
2) уәкілетті органның жауапты тұлғасы.
18. Әр әкімшілік әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада келтірілген.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 3 қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге уәкілетті орган басшысы жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрі - лауазымды тұлға).
Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің сапасына және белгіленген мерзімінде іске асырылуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттік
қызмет регламентіне
1 қосымша
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті органның байланыс деректері
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның, атауы |
Орналасқан жері, мекенжайы, электронды мекен жайы |
Байланыс телефоны |
1 |
2 |
3 |
"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
101301, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111, N 218 кабинет |
8(71063) 32419 |
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттік
қызмет регламентіне
2 қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:
1 Кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
|||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
1 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Әрекет (үдерістің, операцияның, рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтінішті қабылдау, Құжаттарды тексеру |
Ұсынылған құжаттар топтамасын қарастыру, бұрыштама қою |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы- өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға талон беру |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасына жолдау |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басшыға қол қоюға жолдау |
Орындалу мерзімдері |
15 минуттан аспайды |
Өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде |
4 жұмыс күні |
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
2 |
||
Әрекет (үдерістің, операцияның, рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтінішті тіркеу |
||
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы- өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Құжаттарды уәкілетті органның басшысына бұрыштама қою үшін жолдау |
||
Орындалу мерзімдері |
1 жұмыс күні ішінде |
Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Әрекет (үдерістің, операцияның, рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Хабарламаға немесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Мемлекеттік қызметті көрсету туралы нәтижені уәкілетті органның жауапты тұлғасына тапсыру |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
Орындалу мерзімдері |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттік
қызмет регламентіне
3 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар
1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде: