"Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы N 42/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда N 2024 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы N 19/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы" 2010 жылғы 26 қазандағы N 1116, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулыларына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі                      С. Касимов

Саран қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 15 қарашадағы
N 42/05 қаулысымен
бекітілген

"Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте келесі негізгі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оларға бағынысты жүйелер;
      2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
      3) уәкілетті орган – "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65 мекенжайы бойынша орналасқан телефон: 8 (72137) 40555, 40523 www.obrazovanie.saran.kz (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет оқу жылының бойында көрсетіледі:
белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және өтініш үлгісі осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарының веб-сайттарында және қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру үлгілері бар фойедегі стендтерде орналастырылған, ол осы регламентке 4-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ уәкілетті органның www.obrazovanie.saran.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.
      11. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдағаннан бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына жүгінеді және өтініш береді, құжаттар пакетін ұсынады;
      2) білім беру ұйымының жауапты орындаушысы құжаттарды тіркейді және білім беру ұйымының басшысына қарауға ұсынады;
      3) білім беру ұйымының жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдейді, анықтама не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және мемлекеттік қызметті алушыға береді.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжат қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер тәртібінің (іс-қимылының) сипаттамасы

      13. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған Саран қаласының жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.
      14. Осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) осы регламенттің 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) осы регламенттің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) осы регламенттің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
      4) осы регламенттің 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
      16. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.
      17. Қызмет көрсету нәтижесін беру өтініш келіп түскен сәттен 5 жұмыс күні өткен соң мемлекеттік қызметті алушының немесе оның заңды өкілінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады (ресми расталған қажетті құжат болған жағдайда).
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
      1) білім беру ұйымының басшысы;
      2) білім беру ұйымының жауапты орындаушысы.
      19. Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
      20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 6-қосымшада көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

      21. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы болып табылады (бұдан әрі – лауазымды тұлға).
      Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде көрсетуді іске асыру мен сапасына жауапты болады.

"Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына
тегін тамақтандыруды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша

"Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша байланыс деректері

Білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымының атауы

Орналасқан орны, мекенжайы, электрондық мекенжайы

Байланыс телефоны

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 1 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 50
электрондық пошта: stdioworkz@yandex.ru

8 (72137) 26111

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 2 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ушаков көшесі 8/1
электрондық пошта: dubowka@bk.ru

8 (72137) 27002

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 4 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі,62
электрондық пошта: sh4@inbox.ru

8 (72137) 23391

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 6 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, 1а ықшам ауданы, 26 үй
электрондық пошта: www.shkola6-saran.ukoz.ru

8 (72137) 44421

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 7 орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, 2 ықшам ауданы, 15 б үйі
электрондық пошта: OPCHK@rambler.ru

8 (72137) 31245

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 13 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Бородин қалтарысы 7
электрондық пошта: shool_13@mail.ru

8 (72137) 55028

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 16 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Космическая көшесі, 11
электрондық пошта: SOH16@mail.ru

8 (72137) 55027

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 17 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай көшесі, 25а
электрондық пошта: sh17@rambler.ru

8 (72137) 40348

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

"Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына
тегін тамақтандыруды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама үлгісі

      ______________________ берілген, оның 20 __ - 20 __ оқу жылында
тегін тамақтанумен қамтылатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің
тізіміне (Т.А.Ә.) енгізілгенін растайды.

      М.О.                          Күні, мектеп директорының қолы

"Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына
тегін тамақтандыруды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
3-қосымша

"Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін өтініштің үлгісі

_____________________________________
___________ облысы, _________ ауданы)
_____________________________________

N ________________ мектеп директорына
(мектептің атауы)                 
_____________________________________
(Директордың Т.А.Ә)      
_______________________________ азам.
_____________________________________
(елді мекеннің атауы,      
 
тұрғылықты мекенжайы, тел.)         
_____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын    
_____________________________________
(Өтініш берушінің толық аты-жөні) 

Өтініш

      Сізден (N немесе сыныбын көрсету) оқитын менің кәмелетке толмаған балам (туған жылы, айы, күні Т.А.Ә.) (оқу жылын көрсету) тегін тамақтанумен қамтылған оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуіңізді сұраймын.

                                                          Күні, қолы

"Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына
тегін тамақтандыруды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
4-қосымша

Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың үлгісі

      Мектеп ____________________ (мектептің N немесе атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
       (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      Құжаттарды қабылдауда N _________ қолхат
      ________________________________ келесі құжаттар қабылданды:
            (тұтынушының Т.А.Ә.)

      1. Өтініш
      2. Өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      3. Табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      4. Уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
      5. Материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу актісі.
      6. Басқа ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қабылдадым _____________
                    (қолы)
      "____"_____________ 20__ ж.

"Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына
тегін тамақтандыруды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
5-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы

      1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдеріс іс-әрекеттері (жұмыстар ағыны, барысы)

Іс-әрекет N (жұмыстар барысы, ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Білім беру ұйымының жауапты орындаушысы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының жауапты орындаушысы

Іс-әрекет (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, құжаттарды қабылдау туралы мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беру

Құжаттармен танысу

Құжаттардың толықтығын тексеру, анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Қарар қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдау

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушының орындауына беру

Мемлекеттік қызметті алушыға анықтаманы не бас тарту дәлелді жауапты беру

Орындау мерзімдері

30 минут

1 сағат

4 жұмыс күні

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

1-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының жауапты орындаушысы

2-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының басшысы

3-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының жауапты орындаушысы

N 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, құжаттарды қабылдау туралы мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беру

N 3 іс-әрекет

Құжаттарды қарау

N 5 іс-әрекет

Құжаттардың толықтығын тексеру, анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу

2 іс-әрекет

Қарар қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдау

N 4 іс-әрекет

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушының орындауына беру

N 6 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушыға анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

      3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс

1-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының жауапты орындаушысы

2-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының басшысы

3-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының жауапты орындаушысы

N 1 іс- әрекет

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, құжаттарды қабылдау туралы мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беру



2 іс- әрекет

Қарар қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдау

N 3 іс-әрекет

Құжаттарды қарау



N 4 іс-әрекет

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушының орындауына беру

N 5 іс-әрекет

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру



N 6 іс-әрекет

Анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу


N 7 іс-әрекет

Анықтамаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

N 8 іс-әрекет

Анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және мемлекеттік қызметті алушыға беру

"Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына
тегін тамақтандыруды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
6-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Прием документов для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах"

Постановление акимата города Сарани Карагандинской области от 15 ноября 2012 года N 42/05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 14 декабря 2012 года N 2024. Утратило силу постановлением акимата города Сарани Карагандинской области от 17 мая 2013 года N 19/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сарани Карагандинской области от 17.05.2013 N 19/01.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2010 года N 1116 "Об утверждении Типового регламента электронной государственной услуги" и от 31 августа 2012 года N 1119 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами в сфере образования и науки", акимат города Сарани ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги "Прием документов для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сарани Бедельбаеву Гульмиру Сериковну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким города Сарани                         С. Касимов

Утвержден
постановлением акимата
города Сарани
от 15 ноября 2012 года
N 42/05

Регламент оказания государственной услуги
"Прием документов для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах"

1. Основные понятия

      1. В настоящем регламенте используются следующие основные понятия:
      1) СФЕ – структурно-функциональные единицы, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги – ответственные лица заинтересованных органов, информационные системы и их подсистемы;
      2) получатель государственной услуги – физическое лицо;
      3) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани".

2. Общие положения

      2. Государственная услуга оказывается государственным учреждением "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани", расположенного по адресу: Карагандинская область, город Сарань, улица Жамбыла, 65, телефон: 8 (72137) 40555, 40523 www.obrazovanie.saran.kz (далее - уполномоченный орган).
      3. Форма оказываемой государственной услуги: неавтоматизированная.
      4. Государственная услуга оказывается в соответствии с подпунктом 14) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года N 1119 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами в сфере образования и науки".
      5. Результатом завершения оказываемой государственной услуги являются предоставление бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах с выдачей справки о предоставлении бесплатного питания в общеобразовательной школе на бумажном носителе, согласно приложению 2 к настоящему регламенту, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги.
      6. Государственная услуга оказывается:
      1) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;
      2) детям из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;
      3) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях;
      4) детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций;
      5) иным категориям обучающихся и воспитанников, определяемым коллегиальным органом управления организации образования.

3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      7. Государственная услуга предоставляется в течение учебного года:
      в рабочие дни в соответствии с установленным графиком работы с 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней.
      Предварительная запись и ускоренное оформление услуги не предусмотрены.
      Полная информация о порядке оказания государственной услуги и образец заявления, согласно приложению 3 к настоящему регламенту, перечень необходимых документов для получения государственной услуги размещается на стендах в фойе общеобразовательных школ, перечень которых указан в приложении 4 к настоящему регламенту, а также на интернет-ресурсах уполномоченного органа www.obrazovanie.saran.kz.
      8. Сроки оказания государственной услуги с момента:
      1) обращения для получения государственной услуги (в течение 5 дней с поступления заявления) составляют 5 рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания до получения государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения заявителя (при регистрации) - не более 30 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания получателя государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения заявителя - не более 30 минут.
      9. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      10. Основанием для отказа в предоставлении государственной услуги служит представление получателем государственной услуги неполного пакета документов, указанных в пункте 15 настоящего регламента.
      11. Этапы оказания государственной услуги с момента получения заявления от получателя государственной услуги для получения государственной услуги и до момента выдачи результата государственной услуги:
      1) получатель государственной услуги обращается в организацию образования и подает заявление, предоставляет пакет документов;
      2) ответственный исполнитель организации образования регистрирует документы и представляет на рассмотрение руководству организации образования;
      3) ответственный исполнитель оформляет результат оказания государственной услуги, подготавливает справку либо мотивированный ответ об отказе и выдает получателю государственной услуги.
      12. Минимальное количество лиц, осуществляющих прием документов для оказания государственной услуги в организации образования составляет один сотрудник.

4. Описание порядка действия (взаимодействия) в процессе оказания государственной услуги

      13. Государственная услуга оказывается в зданиях общеобразовательных школ, находящихся в ведении местных исполнительных органов города Сарани, где предусмотрены условия для обслуживания получателей государственной услуги, в том числе для лиц с ограниченными физическими возможностями.
      14. Документы, указанные в пункте 15 настоящего регламента сдаются в кабинет ответственного за оказание данной услуги работника общеобразовательной школы.
      15. Для получения государственной услуги получателю государственной услуги необходимо представить в общеобразовательную школу следующие документы:
      1) справку, подтверждающую принадлежность получателя государственной услуги (семьи) к потребителям государственной адресной социальной помощи, предоставляемую местными исполнительными органами для категории лиц, указанных в подпункте 1) пункта 6 настоящего регламента;
      2) сведения о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или лиц их заменяющих, доходы от предпринимательской и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев для категории лиц, указанных в подпункте 2) пункта 6 настоящего регламента;
      3) решение уполномоченного органа об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитывающихся в семьях для категории лиц, указанных в подпункте 3) пункта 6 настоящего регламента;
      4) указанные категории в подпунктах 4) и 5) пункта 6 настоящего регламента определяются коллегиальным органом на основании обследования материально-бытового положения семьи. При необходимости коллегиальный орган для указанных категорий в праве запрашивать необходимые документы для принятия решения об оказании финансовой и материальной помощи.
      16. При сдаче всех документов для получения государственной услуги получателю государственной услуги выдается расписка в получении необходимых документов, с указанием номера и даты приема заявления, фамилии, имени, отчества ответственного работника общеобразовательной школы, выдавшего расписку с указанием даты получения услуги.
      17. Доставка результата государственной услуги получателю государственной услуги осуществляется при личном обращении получателя государственной услуги или его представителя (при наличии официально заверенного соответствующего документа) по истечению 5 рабочих дней с момента поступления заявления.
      18. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):
      1) руководитель организации образования;
      2) ответственный исполнитель организации образования.
      19. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия приведено в приложении 5 к настоящему регламенту.
      20. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ, приведена в приложении 6 к настоящему регламенту.

5. Ответственность должностных лиц, оказывающих
государственные услуги

      21. Ответственным лицом за оказание государственной услуги является руководитель уполномоченного органа и руководитель организации образования (далее - должностные лица).
      Должностные лица несут ответственность за качество и реализацию оказания государственной услуги в установленные сроки в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1
к регламенту оказания
государственной услуги
"Прием документов для
предоставления бесплатного
питания отдельным категориям
обучающихся и воспитанников
в общеобразовательных школах"

Контактные данные организаций образования по оказанию государственной услуги "Прием документов для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах"

Наименование организации образования, осуществляющих функции по оказанию государственной услуги в области образования

Месторасположение, адрес, электронный адрес

Контактный телефон

График работы

1

2

3

4

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 1 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, город Сарань, улица Жамбыла, 50
электронная почта: stdioworkz@yandex.ru

8 (72137) 26111

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 2 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, город Сарань, улица Ушакова, 8/1
электронная почта: dubowka@bk.ru

8 (72137) 27002

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 4 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, город Сарань, улица Жамбыла, 62
электронная почта: sh4@inbox.ru

8 (72137) 23391

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 6 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, город Сарань, микрорайон 1а, дом 26
электронная почта: www.shkola6-saran.ukoz.ru

8 (72137) 44421

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа-интернат N 7 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, город Сарань, микрорайон 2, дом 15 б
электронная почта: OPCHK@rambler.ru

8 (72137) 31245

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 13 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, поселок Актас, переулок Бородина 7
электронная почта: shool_13@mail.ru

8 (72137) 55028

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 16 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, поселок Актас, улица Космическая, 11
электронная почта: SOH16@mail.ru

8 (72137) 55027

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Коммунальное государственное учреждения "Средняя общеобразовательная школа N 17 акимата города Сарани, государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Сарани"

101200, Карагандинская область, город Сарань, улица Абая, дом 25а
электронная почта: sh17@rambler.ru

8 (72137) 40348

С 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед, за исключением выходных и праздничных дней

Приложение 2
к регламенту оказания
государственной услуги
"Прием документов для
предоставления бесплатного
питания отдельным категориям
обучающихся и воспитанников
в общеобразовательных школах"

Образец справки
о предоставлении бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах

      Дана ___________________________ в том, что он/она включен (-а)
                     (Ф.И.О.)
в список обучающихся и воспитанников, обеспечивающихся бесплатным питанием в 20 __ - 20 __ учебном году.

      М.П.                         Дата, подпись директора школы

Приложение 3
к регламенту оказания
государственной услуги
"Прием документов для
предоставления бесплатного
питания отдельным категориям
обучающихся и воспитанников
в общеобразовательных школах"

Образец заявления
для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах

Директору школы N ___________________
(наименование школы)
_____________________________________
__________ района, _________ области)
_____________________________________
(Ф.И.О. директора)         

от гр. ______________________________
(Ф.И.О. заявителя)     
проживающего (-ей) по адресу:       
_____________________________________
(наименование населенного пункта, 
_____________________________________
адрес места проживания, телефон) 
_____________________________________

Заявление

      Прошу Вас включить моего несовершеннолетнего ребенка (Ф.И.О., дата рождения), обучающегося в (указать N и литер класса), в список обучающихся и воспитанников, обеспечивающихся бесплатным питанием на (указать учебный год).

                                                       Дата, подпись

Приложение 4
к регламенту оказания
государственной услуги
"Прием документов для
предоставления бесплатного
питания отдельным категориям
обучающихся и воспитанников
в общеобразовательных школах"

Образец расписки о получении документов у потребителя

      Школа ______________________ (указать N или наименование школы)
_____________________________________________________________________
    (наименование населенного пункта, района, города и области)

      Расписка в приеме документов N _________
      Получены от _____________________________ следующие документы:
                     (Ф.И.О. потребителя)
      1. Заявление
      2. Справка, подтверждающая принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемая местными исполнительными органами для категории лиц.
      3. Сведения о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или лиц их заменяющих, доходы от предпринимательской и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев.
      4. Решение уполномоченного органа об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитывающихся в семьях.
      5. Акт обследования материально-жилищных условий.
      6. Другие _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Принял ____________________
                  (подпись)

      "____"_____________ 20 __ г.

Приложение 5
к регламенту оказания
государственной услуги
"Прием документов для
предоставления бесплатного
питания отдельным категориям
обучающихся и воспитанников
в общеобразовательных школах"

Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействия административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры)

      Таблица 1. Описание действий СФЕ

Действия основного процесса (хода, потока работ)

N действия (хода, потока работ)

1

2

3

Наименование СФЕ

Ответственный исполнитель организации образования

Руководитель организации образования

Ответственный исполнитель организации образования

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Прием документов, регистрация заявления, выдача расписки получателю государственной услуги о приеме документов

Рассмотрение документов

Осуществление проверки полноты документов, оформление справки либо мотивированного ответа об отказе

Форма завершения (данные, документ, организационно- распорядительное решение)

Направление документов государственной услуги для наложение резолюции

Наложение резолюции, передача документов на исполнение ответственному исполнителю

Выдача справки либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении государственной услуги получателю

Сроки исполнения

30 минут

1 час

4 рабочих дня

      Таблица 2. Варианты использования. Основной процесс

Группа 1 СФЕ

Ответственный исполнитель организации образования

Группа 2 СФЕ

Руководство организации образования

Группа 3 СФЕ

Ответственный исполнитель организации образования

Действие N 1

Прием документов, регистрация заявления, выдача расписки получателю государственной услуги о приеме документов

Действие N 3

Рассмотрение документов

Действие N 5

Осуществление проверки полноты документов, оформление справки либо мотивированного ответа об отказе

Действие 2

Направление документов руководству для наложения резолюции

Действие N 4

Наложение резолюции, передача на исполнение ответственному исполнителю

Действие N 6

Выдача справки либо мотивированного ответа об отказе получателю государственной услуги

      Таблица 3. Варианты использования. Альтернативный процесс

Группа 1 СФЕ

Ответственный исполнитель организации образования

Группа 2 СФЕ

Руководство организации образования

Группа 3 СФЕ

Ответственный исполнитель организации образования

Действие N 1

Прием документов, регистрация, выдача расписки получателю государственной услуги



Действие 2

Направление документов руководству для наложения резолюции

Действие N 3

Рассмотрение документов



Действие N 4

Наложение резолюции, передача документов на исполнение ответственному исполнителю

Действие N 5

Осуществление проверки полноты представленных документов



Действие N 6

Оформление справки либо мотивированного ответа об отказе


Действие 7

Подписание справки либо мотивированного ответа об отказе

Действие 8

Регистрация и выдача справки либо мотивированного ответа об отказе получателю государственной услуги

Приложение 6
к регламенту оказания
государственной услуги
"Прием документов для
предоставления бесплатного
питания отдельным категориям
обучающихся и воспитанников
в общеобразовательных школах"

Схема отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ