Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 17.01.2013 N 03/03 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/11 "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы N 2 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров
Абай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 1 наурыздағы
N 7/09 қаулысына
қосымша
Абай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
N 32/11 қаулысына
қосымша
2012 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің Тізімі
Ұйымдар кәсіпорындар, және мекемелер |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Жұмыстың ұзақтығы, ай |
Айына қызметкерлер саны, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Абай ауданы әкімдігінің "Жігер-2004" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
224 |
1,5 |
28 |
Ағаштарды отырғызу – 500 дана, талдарды отырғызу – 100 дана, гүлдерді отырғызу – 500 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 7587 дана, ауданы 192340 шаршы метр, аумағын жинау және тазалау, құдықтарды тазарту – 218 дана. |
Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы |
8 |
1,5 |
1 |
Зейнетақыны қайта есептеуге көмек көрсету – 25700 іс, мұрағат құжаттарымен жұмыс – 14000 іс, курьерлік жұмыс – 660 хат. |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
8 |
1,5 |
1 |
Салық жинауға көмек көрсету – 3400 түбіртек, курьерлік жұмыс – 660 хат. |
Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
16 |
1,5 |
2 |
Әскерге шақырылатын азаматтардың жеке істерін ресімдеуге көмек – 2500 іс, шақыру қағаздарын тарату – 1200 дана. |
Абай ауданының статистика бөлімі |
8 |
1,5 |
1 |
Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмектесу – 300 объект, ауыл шаруашылығы бойынша – 350 объект, мұрағат құжаттарымен жұмыс – 150 іс, курьерлік жұмыс – 330 хат. |
Абай ауданының прокуратурасы |
16 |
1,5 |
2 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 600 бет, факс жіберу – 240 бет, мәтіндерді басу және шығару – 400 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат. |
Абай аудандық соты |
16 |
1,5 |
2 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, шақыру қағаздарын тарату – 600 дана. |
Абай ауданының әдiлет басқармасы |
48 |
1,5 |
6 |
Құжат айналымындағы көмек – 2500 іс. |
Абай ауданының ішкі істер басқармасы |
32 |
1,5 |
4 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 1200 бет, факс жіберу – 650 бет, мәтіндерді басу және шығару – 600 бет, хаттарды жеткізу – 660 хат. |
Абай аудандық N 2 соты |
8 |
1,5 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 200 бет, факс жіберу – 100 бет, шақыру қағаздарын тарату – 200 дана. |
Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі |
8 |
1,5 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 300 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат. |
Абай ауданы әкімінің аппараты |
8 |
1,5 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат. |
Құрмин ауылдық округі әкімінің аппараты |
16 |
1,5 |
2 |
Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек көрсету. |
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
8 |
1,5 |
1 |
Мұрағат құжаттарын өңдеуге көмек көрсету – 500 іс. |
Есенгелды ауылдық округі әкімінің аппараты |
8 |
1,5 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 300 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат. |
Абай қаласы әкімінің аппараты |
24 |
12 |
24 |
Қала тұрғындарының әлеуметтік портретін жасауға көмектесу - 26200 адам. |
Топар кенті әкімінің аппараты |
24 |
1,5 |
3 |
Кентттің 5940 шаршы метр аумағын жинау және тазалау |
Абай ауданының жер қатынастары бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет. |
Самарка ауылдық округі әкімінің аппараты |
8 |
1,5 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 300 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат. |
Барлығы |
500 |