2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/11 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 8-9-125 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 03/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 17.01.2013 N 03/03 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінде, толық емес жұмыс күні немесе икемді кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбек төлемі жергілікті бюджеттің қаражатынан қамтамасыз етілсін.
      4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (З. Шакентаев) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға бір үлгідегі келісімшарттар жасасын.
      5. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/16 "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-95 тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы, Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 4/19 "Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 28/16 қаулысына өзгертулерді енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-103 тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірдегі N 14 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы, Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 мамырдағы N 10/01 "Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 28/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-108 тіркелген, 2011 жылғы 25 маусымдағы N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы, Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі N 19/03 "Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 28/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-113 тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы N 44 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров

Абай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
N 32/11 қаулысына
қосымша

2012 жылға Абай ауданының ұйымдары,кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің Тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.11.12 N 33/14 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер

Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам

Жұмыстардың ұзақтығы, ай

Айына қызметкерлер саны, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

"Абай-Көркем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

168

2,0

28

Ағаштарды отырғызу – 500 дана, көшеттерді отырғызу – 100 дана, гүлдерді отырғызу – 500 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 7587 дана, ауданы 192340 шаршы метр аумағын жинау және тазалау, нөсерліктерді және нөсерқұдықтарын тазарту – 218 дана

Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық

8

1,5

1

Зейнетақыны қайта есептеу кездегі көмек – 25700 іс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс – 14000 іс, курьерлік жұмыс – 660 хат

Абай ауданы бойынша салық басқармасы

8

1,5

1

Салық жинауға көмек – 3400 түбіртек, курьерлік жұмыс – 660 хат

Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім

16

1,5

2

Әскерге шақырылатын азаматтардың жеке iстерiн ресiмдеуге көмек – 2500 iс, шақыру қағаздарын тарату – 1200 дана

Абай ауданының статистика бөлімі

8

1,5

1

Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмек – 300 объект, ауыл шаруашылығы бойынша – 350 объект, мұрағаттық құжаттармен жұмыс – 150 папка, курьерлік жұмыс – 330 хат

Абай ауданының прокуратурасы

20

1,5

3

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 240 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Абай аудандық соты

16

1,5

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді  жөнелту – 120 парақ, шақыру қағаздарын тарату – 600 дана

Абай ауданының әдiлет басқармасы

48

1,5

6

Құжаттаудағы көмек – 2500 іс

Абай аудандық Ішкі істер басқармасы

32

1,5

4

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 1200 парақ, факстерді жөнелту – 650 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 600 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 660 хат

Абай ауданының N 2 аудандық соты

10

1,5

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 200 парақ, факстерді  жөнелту – 100 парақ, шақыру қағаздарын тарату – 200 дана

Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі

8

1,5

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 300 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Абай ауданының әкімінің аппараты

8

1,5

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 200 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Құрма ауылдық округі әкімінің аппараты

16

1,5

2

Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

8

1,5

1

Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек – 500 папка

Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты

8

1,5

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 300 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Абай қаласы әкімінің аппараты

24

12

24

Қала тұрғындарының әлеуметтік портретін жасауға көмек – 26200 адам

Топар кенті әкімінің аппараты

24

1,5

3

Кенттің 5940 шаршы метр аумағын жинау және тазарту

Абай ауданының жер қатынастары бөлімі

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 200 парақ

Самарка ауылдық округі әкімінің аппараты

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы жасауға көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 300 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Көксун ауылдық округі әкімінің аппараты

6

1

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 300 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты

6

1

2

Ұзақтығы 13 километр су құбырының, 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек

Қарағанды облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықты бақылау бойынша арнайы прокуратурасы

8

2

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат

Южный кенті әкімінің аппараты

18

1

6

1,3 гектар кент аумағын санитарлық тазарту

Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты

3

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 100 парақ, факстерді жөнелту – 80 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 100 парақ

Қарабас кенті әкімінің аппараты

1

2

1

908 гектар кент аумағын санитарлық тазарту

Сәрепті ауылдық округі әкімінің аппараты

4

2

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 100 парақ, факстерді жөнелту – 80 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 100 парақ

Барлығы

500

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады