Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 12.09.2024 № 23/216 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің қоса тіркелген Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Черепанов |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Цай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Абай ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Муталяпова
08.06.2012 ж.
"Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
З. Шакентаев
08.06.2012 ж.
Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының 6/59 шешімімен бекетілген |
Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі
Осы Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (ары қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің мәселелері" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Абай ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) алушы – тұрғын үй көмегін алатын тұлға;
3) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
4) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
5) көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
6) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындауға жеке өз басының немесе отбасының атынан өтініш беруші тұлға;
7) алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;8) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын атқарушы органы;
9) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді); 26.12.2019 N 57/610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді); 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормативтерін анықтау
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысына 8 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Абай қаласында тұрақты тұратын және орталық жылуы бар отбасыларға (азаматтарға) шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысына 6 пайыз көлемінде анықталады.
Топар кентінде және Көксу ауылдық округінің Жартас ауылында тұрақты тұратын, орталық жылытуы бар отбасыларға (азаматтарға) шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысына 5 пайыз мөлшерінде анықталады.
Ескерту. 3-тармаққа жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Тұрғын үй көмегі өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органмен келесі нормалар бойынша беріледі:
1) алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20.06.2013 N 17/179 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы:
бір адамға көлемдік газ:
төлем шоттарын ұсына отырып, нақты шығындар бойынша, бірақ айына 8 килограммнан аспауы тиіс;
бір адамға баллон газы:
төлем шоттарын ұсына отырып, нақты шығындары бойынша, бірақ айына 10 килограммнан аспауы тиіс;
қатты отын:
жылу кезеңінің ұзақтығы – 7 ай;
нақты шығындары бойынша қатты отынды тұтыну, бірақ жылу кезеңіне бір отбасына 3 тоннадан көп емес;
1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттарының 1 шаршы метр ауданын жылытуға көмір шығындары (жылу кезеңіне есептегенде):
1-2 қабатты салынған үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға 161 килограмм көмір, 3-4 қабатты салынған үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға 98 килограмм көмірді құрайды;
1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттарының 1 шаршы метр ауданын жылытуға көмір шығындары (жылу кезеңіне есептегенде):
1-2 қабатты салынған үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға 125 килограмм көмір, 3-4 қабатты салынған үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға 72 килограмм көмірді құрайды.
Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Қарағанды облысы Абай ауданында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
Нақты шығындар бойынша отбасының айына электр қуатын тұтыну, бірақ:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде 150 киловаттан;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан көп емес.
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс шығаруды және басқару нысанына тәуелсіз тұрғын үйлерді күтіп-ұстау шығындарының тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) тарифтерді бекітетін органмен немесе қызмет көрсетушімен бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20.06.2013 N 17/179 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желілеріне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну және тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу шығындарын белгіленген нормадан жоғары төлеу жалпы негізінде жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсетуге абоненттік ақы тарифінің арту сомасына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте өтемақы төленеді.
7. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 26.12.2019 N 57/610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8. Көпбалалы отбасы (азамат нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін қөрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Ескерту. 8-1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 8-2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 25.02.2021 N 3/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8-3. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ескерту. Ереже 8-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.8-4. Қаулымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. Ереже 8-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.8-5. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Ереже 8-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.8-6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Ереже 8-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.8-7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. Ереже 8-7-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.8-8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. Ереже 8-8-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.9. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісі түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 21.06.2018 N 32/351 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) шешімімен.10. Тиісті құжатпен дәлелденетін, басқа қалаларда уақытша тұратын (оқушылар, студенттер) тұлғалардан басқа, отбасының құрамында бір мекенжай бойынша тіркелген барлық тұлғалар ескеріледі.
11. Отбасы құрамында тіркелген, бірақ балалары, немерелері және олардың отбасы мүшелері бірге тұрмайтын (пәтер иелері кооперативінің немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық округ әкімінің анықтамасымен расталады) зейнеткерлерге тұрғын үй көмегі зейнеткерлерге балаларының, немерелерінің және басқа отбасы мүшелерінің табыстары есепке алынбай тағайындалады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20.06.2013 N 17/179 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20.06.2013 N 17/179 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 13.02.2013 N 14/145 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 24.06.2020 N 65/697 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органдарға тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы хабарлап отыру керек.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20.06.2013 N 17/179 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.16. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда, бұған дейін тағайындалған көмекті қайта есептеу жүргізіледі.
17. Кикілжің немесе даулы жағдайлар туған кезде, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы меселенің шешімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, сот тәртібімен шағымдалынады.
18. Өтініш берушінің табыс туралы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер ұсынуының нәтижесінде тұрғын үй көмегін заңсыз алу немесе жоғары мөлшерде алу жағдайлары анықталған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Заңсыз алынған сома еркін тәртіпте, ал одан бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіпте қайтаруға жатады.
19. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), қызметті жеткізушілерге және кондоминиум объектілерінің басқару органдарына тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйым арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Абай ауданы бойынша |
Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде
ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 24.06.2020 N 65/697 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Абай ауданы бойынша |
Отбасы құрамы және тұрғын үйдің жалпы ауданы туралы анықтама
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 24.06.2020 N 65/697 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Абай ауданы бойынша |
Отбасы мүшелерінің кірістері туралы анықтама
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 24.06.2020 N 65/697 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).