Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 12.09.2024 № 23/216 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының N 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі N 26 (3927) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) орыс тіліндегі шешімнің тақырыбындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;
2) орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;
3) орыс тіліндегі Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі тақырыбындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;
4) орыс тіліндегі кіріспедегі "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;
5) 2 тармақтың 4) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;
6) 2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.";
7) 7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";
8) 8 тармақтың 10) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;
9) 8 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясы бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.";
10) Ереженің 13 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Тынгишев |
Абай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Абай ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Б. Муталяпова |
13.02.2013 ж. | |
"Абай ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | З. Шакентаев |
13.02.2013 ж.